фото: itd0.mycdn.me
Тоқты
Бұл уақыт аралығында компьютерлік технология, электроника, астрология және космонавтика салаларындағы оқу-жетілдірумен байланысты іс-әрекет жасасаңыз, өрге басады. Кітапханаға бару, күнделік жазуды бастау — сіз үшін көп жаңаның бетін ашады. Егер алдағы аптада қызмет орнын ауыстырса, табыс мөлшері біршама азаюы мүмкін. Дегенмен, ұзаққа созылмайды, көп өтпей қайта қалпына келеді.
Апта күндерінің бірінде іссапарға шығуға тапсырма алуыңыз мүмкін. Солай болып жатса, бас тартпаған жөн. Кәсібилігіңізді көрсетіп, әріптестер алдында абыройыңыз артады, мансабыңыз жоғарылауы да ықтимал.
Торпақ
Келер аптада адамдармен тығыз қарым-қатынас, қызықты әрі пайдалы таныстықтар күтіп тұр. Алайда, аптаның бірінші жартысында бейтаныс жандармен тілдесуден қашқақтаған дұрыс. Бұл ойдан шықпайтын не қауіпті таныстық болуы әбден мүмкін.
Отбасын құру сынды маңызды қадам жасауға сәтті апта деуге болмас. Тіпті, жұбайлар жарастығын тапқан ерлі-зайыптылардың өзі бұл күндері шаршауды сезініп, ренішке жол беруі мүмкін. Сабыр мен төзімді серік еткендер ғана қарым-қатынасын жақсы қалпында сақтап қалады.
Қаржылық жағдайыңыз тұрақты, сондықтан, қосымша табыс үшін қосымша күш жұмсауға мәжбүр емессіз.
Егіздер
Өз бетіңізбен, жеке жасауға тиісті жұмыстарыңыз болса, оларды орындауға ең қолайлы күндер — келер апта. Үйде отырып атқаратын қосымша жұмыс алса да, табысты болады.
Жұлдыздар аптаның алғашқы күндерінде маңызды келісімшартқа қол қоймауға кеңес береді. Бұл уақытта жасаған жобалардың та быстан көрі шығыны көп болу ықтималдығы жоғары. Сондай-ақ, ол күндері жылжымайтын мүлік саудасы да сіз үшін сәтті бола қоймайды.
Шаян
Бұл белгі аясындағыларға жұлдыздар алдағы аптада өзіне көп салмақ түсірмеуге кеңес береді. Физикалық тұрғыдан да, эмоционалдық тұрғыдан да. Денсаулығыңызға, әсіресе, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына баса көңіл бөліңіз. Ұзаққа созылған шаршаудың салдарынан ескі созылмалы аурудың асқыну қаупі бар.
Егер денсаулыққа көңіл бөліп, өзін күтіп жүрсе, апта бойында басқа ешқандай жайсыздықтар орын алмайды.
Арыстан
Бұл аптада өзіңіздің жай ғана көптің бірі емес екеніңізді көрсетіп, құрметке лайық екеніңізді дәлелдеу үшін көп күш жұмсауыңызға тура келеді. Аптаның алғашқы жартысында сізді өзгелер лайықты бағаламай жүргендей көрінуі мүмкін. Әсіресе, қызметте. Осы себептен аздаған түсініспеушіліктер, жағымсыз жағдайлар орын алады. Жұмыстағы қарбалас пен айналадағы түсініспеушіліктер жүйкеңізді жұқартып, салдарынан қателіктер жіберуіңіз мүмкін. Кейін қайта түзететін — өзіңіз. Сондықтан, қандай жағдай болса да, барынша сабырлылық танытып, әр қадамыңызды ақырын жүріп, аңдап басыңыз. Жұмыс ауыстыру үшін аса қолайлы апта емес, олай етсеңіз, қаржылық қиыншылыққа тап боласыз.
Аптаның екінші жартысы жоспарларыңызды жүзеге асыруға мол мүмкіндіктер сыйлайды.
Бикеш
Жұлдызшылардың болжауынша, Бикештерді бұл аптада бірқатар сынақтар күтіп тұр. Сондықтан, өзіңіз үшін ең маңызды мен маңызсыздарды айқындап алыңыз және барлық жағдайдың тек жақсы жақтарын көруге тырысыңыз. Сіз күтпеген қаржылық қиындықтар сізді күтуде, сондықтан, сауда жасауда тізгінді тарта ұстаңыз.
Дегенмен, жетінің екінші жартысы сіз үшін жайлы өтеді. Дәл осы күндері жаңа серіктестермен жұмыс бастасаңыз, тиімді де табысты болмақ. Әсіресе, жаңа жобаңыз спортқа қатысты болса.
Таразы
Мамырдың алғашқы аптасын Таразылар үшін «махаббат маусымы» десе де болады. Қарама-қарсы жыныс өкілдері арасында танымалдылығыңыз артып, қызығушылық көбейеді. Өзгелердің назарын көтере алмай, өзімшілдік танытпаңыз. Олай еткен жағдайда бәрі теріс айналып, жалғыз қалуыңыз мүмкін. Арзан ойын, жеңіл күлкіге де жол бермеңіз.
Қаржылық жағдайыңыз тұрақты, қызмет орнында аса қарбалас бола қоймайды. Маңызды шаруаларды апта соңына қалдырмай, дер кезінде орындаңыз, әйтпесе, басшылықтың көзіне жаман жағынан түсіп қаласыз.
Сарышаян
Алдағы аптада Сарышаяндарды мазалайтын басты мәселе — материалдық құндылықтар болмақ. Әсіресе, сауда-саттықпен айналысып, табысы тауарымен тікелей баланысты болса. Ал, шығармашылықпен айналысатын, педагогика саласында қызмет ететін Сарышаяндарды сәтті күндер күтіп тұр. Дегенмен, табысқа кенелу не әріптестердің сый-құрметіне бөлену үшін көп тер төгуге тура келеді. Жұлдыздар берер кеңес: аптаның алғашқы жартысында құжаттар мен келісімшартқа қол қоярда аса сақ болыңыз.
Мерген
Денсаулығыңызды қолға алуға таптырмайтын кезең. Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, әсіресе, бұрыннан келе жатқан созылмалы ауру сыр білдірсе. Ағзаны шынықтыратын, сауықтыратын жеңіл-желпі процедуралар қабылдап, аурудың алдын алыңыз. Дұрыс тамақтану режимін ұстаныңыз.
Денсаулықпен ғана алысып біржақты кетпей, жұмысты да қатар алып жүруге тырысыңыз. Іссапарға ұсыныс түсе қалса, бас тартыңыз, күтпеген жағымсыз жағдайлардың орын алу мүмкіндігі басым.
Тауешкі
Алдағы аптада сізге айналадағы адамдардың қолдауы ерекше қажет. Жан тыныштығы мен гармонияңыз өзгелердің сіз туралы ой-пікірі мен қолдауына тікелей байланысты.
Аптаның алғашқы бірнеше күні жаңа таныстық, жаңа қарым-қатынас бастау үшін қолайсыздау. Дегенмен, бұрынырақта үзіліп қалған қарым-қатынасты қайта жаңғыртып, жалғастыруға керемет мүмкіндіктер туады.
Суқұйғыш
Бұл аптада мойныңызға алған жұмыстар қатарын азайтып, жоспарыңыздың бірнеше пунктін сызып тастағаныңыз дұрыс. Олай етпесеңіз, бастаған ісіңіздің аяқсыз қалу қаупі жоғары. Қызметтегі нәзік жанды әріптестермен араңызда түсініспеушіліктер орнайды. Салдарынан жұмыста қиындық туып, тоқырауы ықтимал.
Топпен жұмыс жасаудың өзіңізді жақсы түсінуге, мақсат-мүддеңізді айқындауға көмегі зор, сондықтан, ұсыныс түсіп жатса, бас тартпаңыз. Достармен әңгіме барысында әр сөзіңізді ойланып сөйлеңіз, болмашы жерден дау шығып, соңы жанжалға ұласуы мүмкін.
Ал үйде жұмысқа тым қатты беріліп кеткеніңізді, отбасына уақыт бөлмейтініңізді тілге тиек еткен реніштер айтылады.
Балықтар
Бұл аптада Балықтардың барлығы дерлік романтикалық және шым-шытырық оқиғалар, жаңа әсер іздеумен болады. Отбасылылар болса, бала тәрбиесі мен дамыту жұмыстарына көп көңіл бөледі.
Қаржылық жағдайыңыз тұрақты, сондықтан бұл жағына алаңдамасаңыз да болады.