Әйелдің асүйдегі шеберлігін жұлдызына қарап білуге болады

0
2 625

Астрологтар келтірген сипаттама өзіңізге сәйкес келе ме?


Әйелдің асүйдегі шеберлігін жұлдызына қарап білуге болады


Тоқты

Шығармашылық, жалын ату, белсенділік, бастамашылдық, арындылық, бірбеткейлік, батылдық – Тоқтыларға осы сөздің бәрі жарасады. Бұған көшбасшылығын, топқа сіңісе алмайтын, оқшау тұлға екенін де қоса кету керек. Осыған сәйкес, асүйде де өзімен қатар жағаласып, аяқ астына оратылып екінші біреудің жүргенін жаратпайды. Бір асүйге екінші бір үйбикесімен сыйысуға тура келсе, онымен үнемі бәсекелесу үстінде болады. Бірнеше тағамды қатар әзірлегенді ұнатады. Қолынан ең керемет шығатын тағам түрлері – отқа қақталған, қуырылған ет: стейк, барбекю, кәуап, қуырылған картоп, т.с.с.


Торпақ

Ол қолына алған істің бәрін мінсіз, үздік деген бағаға лайық етіп шығарғанды жөн көреді. Олар үшін материалдық құндылық, тұрмыстық жайлылықтың бәсі жоғары. Сондықтан, асүйінің барынша жайы жасалған, керек-жарақтың бәрі түгел болғанын қалайды. Азық-түлік қоры артығымен болса ғана көңілі жайлы.

Ас әзірлеуге келгенде, эксперимент жасауға ұрына бермейді. Көптен әзірлеп әбден қолы үйренген, кемеліне келтіре дәмді ете алатын асты ғана дайындайды. Әсіресе, қонақ күтерде. Торпақтардың қолынан шыққан етті бәлішті жесең, бармағыңды жалап, ұзаққа дейін дәмі ауыздан кетпейді.


Егіздер

Қуаты тез таусылып, тез толығатын кісілер. Олар ештеңеден құр қалмай, бәрін көріп, бар қызықтың дәмін татқысы келеді. Сондықтан, ас дайындауға көп уақыт жұмсауды жөн санамайды. Бір дастархан басына жиналудың маңызы қарын тойдырып, тамақтан ләззат алу емес, адамдардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып, жақын араласуы маңыздырақ деген пікірде. Сәйкесінше, оның дастарханынан тез дайындалатын тіскебасарларды көп көруге болады. Мәселен, бутерброд, сэндвич, жартылай дайын тағамдар, консервілерді отбасына ғана емес, кейде қонаққа да ұсынып жатады.


Шаян

Белгі иелері үшін асүйдің жайлылығы, әр заттың өз орнында болуы, тазалық пен жағымдылығы, онда жиналған отбасы мүшелерінің жан жылуы аса маңызды. Әсіресе кешкі аста отбасы мүшелері толық жиналса, бұл Шаяндарға қауіпсіздік, тыныштық, риза болу сезімін сыйлайды. Сондықтан, мұндай отбасылық басқосу дастарханын ерекше махаббатпен, асқан ұқыптылықпен дайындайды.

Олар мәзірді ғаламтордан іздемейді. Әжесінің үйреткені немесе анасынан қалған рецепт кітабы әлдеқайда құнды. Солардың көмегімен балалық шақтың дәмі мен бақытын еске салатын тағамдар дайындайды. Тәтті пісірме, орама, картоп не қырыққабат салынған бәліш – Шаянның қолынан шыққан осындай дәстүрлі мәзірлердің дәміне сөз жоқ.


Арыстан

Арыстан – тұтануы қиын, бірақ бір жанса ұзақ лаулайтын алау. Өзіне ұнағанның бәрін өзгелердің де жақсы көргенін қалайды. Нәтижеден емес, процестен ләззат алатындықтан, оларға тамақтанудан көрі оны дайындау барысы қызығырақ. Өзінің асүйдегі шеберлігін бәріне паш еткісі, мақтау естігісі келіп тұрады. Сондықтан үнемі ерекше тағам дайындауға, әр асты түрлендіріп ұсынуға тырысады. Тіпті, оның қолынан шыққан ет тамақ пен палаудың өзінен бірнеше ерекшелік табасыз.


Бикеш

Еңбекқор, шыдамды, тәртіп пен жүйелілікті жақсы көретін белгі. Олар үшін қандай тағам болмасын көрінісі тәбет ашарлық, дәмі тіл үйіретін ғана емес, ағзаға пайдалы да болуға тиіс. Өйткені, өзінің және жақындарының денсаулығын бірінші орынға қояды. Сондықтан, майлы, қуырылған, зиянды астан көрі дұрыс дайындалған тағамдар, көкөніс салаттары, түрлі смузилер дастарханынан жиі орын алады.


Таразы

Белгі иелері үшін маңыздысы – үйлесім, сыртқы сұлулық, талғампаздық. Тамақтануға келгенде де солай. Асүйде ешкімнің ойын бөлмегенін қалайды. Сонда ғана тағамды бар ынтасымен, махаббатпен әзірлеп ұсына алады. Жақындарына ұнайтын мәзір түрлерінің бәрін де жақсы дайындауға барын салады. Кейде ол қолынан онша келмей, дәмсіздеу шығуы мүмкін. Әйтсе де, сыртқы безендіруі «бес» деген бағаға лайық болады. Бутерброд, канапе сияқты оңай жолмен жүрмейді. Салат жасаса да, жай тәрелкеге сала салмайды. Бәрінде эстетикалық ләззат беретін көрініс болуға тиіс. Және қазаны аста-төк болып тасып та жатпайды, аз-аздан, мөлшерімен өлшеп қана дайындайды. Сондықтан, Таразының дастарханында өзіңізді мейрамханада отырғандай сезінуіңіз әбден мүмкін.


Сарышаян

Барлық нәрседе максимализмді ұстанатын Сарышаянның асүйінде асыра сілтеушілік байқалады. Тағамның молшылығымен қоса, ас дайындауда шетелдік аспаздарға, шеберлерге еліктейтіні бар. Кейде оларға ұқсап бағу қолынан келіп те жатады. Нәтижесінде, бұған дейін түрі түгілі аты да таныс болмаған тағамдардың дәмін татуға мүмкіндік туады.


Мерген

Оларға қиялына ерік беруге, емін-еркін қимылдауға ыңғайлы кең, артық ештеңе көзге түспейтін жинақы асүй болса, аспаздық өнері де ашыла түседі. Ас дайындауа, тамақтануда дәстүрлі мәзірмен шектелгенді қаламайды. Барлық елдер асханасының дәмін татқысы келеді. Сондықтан асүйінде бүгін ұлттық тағам даярланса, ертең шығыс тәттілері, келесі күні тропикалық өңірлер дәмі, тағы бір күні қытай тағамының иісі бұрқырап жатады.


Тауешкі

Асүйдегі Тауешкі – тазалық пен тәртіп сақшысы. Сондықтан, ас дайындамас бұрын бөлменің тазалығын қолға алып, реттеп шығады. Онсыз іске кіріспейді. Сонымен қатар, ұзақ уақытты, көп ыдыс-табақты, бас қатыруды қажет ететін тамақтарды дайындауға аса құлшынысы жоқ. Сырт көрінісін сәндеп те әуре болмайды. Олар үшін тамақ қарын тойғызса болғаны.


Суқұйғыш

Шектеуді, қалыптасқан қағиданы ұнатпайтындар. Үнемі жаңа жолмен жүргенді, ескі сүрлеуге жаңашыл идея қосқанды құп көреді. Сондықтан, тамақ дайындауда да әр жолы жаңа бір идеясы дайын тұрады. Бірақ, ол идеяларын өзі жүзеге асыруға асықпайды, өйткені, ас дайындауды ұната бермейді. Өзгелермен бөлісуге, үйретуге әрқашан әзір. Алдына алжапқышын байлап, қазан-ошаққа жақындай қалса, ойына керемет бір идея келді немесе ішін алапат шабыт кернеп бара жатыр деген сөз. Соңын күтіңіз, дүниеге енді келген жаңа бір мәзірдің дәмін татып қалуыңыз мүмкін.


Балықтар

Оларға асүйде өзін аспаз сезіну үшін соған сай атмосфера керек. Ол үшін шебер аспаздардың ас дайындау үстіндегі бейнежазбасы, асүй, аспаздық жайлы фильм немесе жай ғана көңіліне жағатын әуен қолданып жатады. Асүй шаруаларын жасай жүріп қиялға берілу, процестен ләззат алу, көзге тартымды тұстарын суретке түсіріп алу – Балықтар үшін ас дайындаудың қызығы осылар. Қалай ойлайсыз, осылай жүріп жасалған тамақтың дәмі қандай болуы мүмкін? Бәрі де сәттілікке байланысты, иә...

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

КЕЛІНГЕ КЕҢЕС: ЕНЕМЕН жақсы ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС құрудың құпиясы