Ақпанда ақшам көп болсын десеңіз, астрологтардың айтқанын жасаңыз

0
2 504

2019 жылдың ақпан айына арналған қаржылық жұлдызжорамал.


Ақпанда ақшам көп болсын десеңіз, астрологтардың айтқанын жасаңыз

Тоқты

Ақпанда жоспарланбаған артық шығындарыңыз әдеттегіден көбірек болуы ықтимал. Оған қоса, жеке өміріңізде де аздаған қиындықтар орын алады дейді жұлдыздар. Сондықтан, айдың алғашқы күндерінен бастап-ақ үнемдеуді басты орынға қойыңыз. Бәріне дайын болыңыз. Бір жақсысы, ақшаға қатысты мәселелер бар болғанымен, олар ұсақ-түйек әрі көп уақытқа созылмайды. Ай соңына қарай қаржылық жағдайыңыз қайта тұрақтанады.


Торпақ

Сіз үшін ақпан — жемісті де табысты ай. Көптен бері кейінге шегеріп келе жатқан істерді шешуге мүмкіндіктер мол. Нәтижесінде, табысыңыз да еселене түседі. Қосымша қаражат ай басында-ақ пайда болады. Ол айлық жалақының өсуі немесе жаңа табысты жоба болуы мүмкін. Өзіңіз үшін маңызды әрі қызықты жобаларды уысыңыздан жіберіп алмасаңыз болғаны. Олардың жемісін жыл бойы жейтініңізге күмәніңіз болмасын.


Егіздер

Ақпанда қалтаңызға артық ақша түсе қоймайды. Сондықтан, орынсыз жаратуды да тыйып, үнемдеуге көшіңіз. Қаржылық біліміңізді арттырып, әр тиынды есеппен жұмсаңыз. Ақшалай көмек сұраушылар көбейеді, олардың бәріне жаныңыз ашып, қол ұшын бере берсеңіз, қаржыдан өзіңіз қиналып қаласыз. Сондықтан, таңдауыңызды алдын ала айқындап алған дұрыс — не өзіңіз, не өзгенің көңілі.


Шаян

Сізге біршама естиярлық танытып, ақшаны есеппен және ақылмен жұмсауды, жоспарлауды үйренуге тура келеді. Осыны жасай алғандардың ғана ақпанда қаржы қоры толыға түспек. Ол кезде де артық ақшам бар демей, алды-артыңызды ойлай жұмсаңыз. Сондай-ақ, мансап баспалдағында жоғарылауға, соған сәйкес табысыңызды арттыруға мүмкіндік туады, мүлт жібермеңіз.

Оқи отырыңыз:

2019 жыл: ақпан айына арналған жұлдызжорамал


Арыстан

Сіз үшін ақпан — табыс пен жетістікке толы «алтын» ай. Жұмыста сыйақыға ие боласыз немесе таныстарыңыз қарызын қайтарады. Жұлдызшылар тіпті қандай да бір мұраға ие болуыңыз мүмкін екенін айтуда. Қай жақтан келсе де, ол қаржыны желге ұшырмай, болашағы бар кәсіпке салғаныңыз дұрыс. Тек, адамдармен сөйлесуде тым ашық болып, сыр шаша бермеңіз. Қаржыңызға көз, қалтаңызға қол салушылар шығуы ықтимал.


Бикеш

Қыстың соңғы айында да жауапкершіліктен, жұмыстан бір сәт босамайын деп тұрсыз. Бірақ, жұмысқа бас қоямын деп, кіріс-шығысыңызды назардан тыс қалдырмағаныңыз жөн. Әсіресе, шығысты мұқият бақылап, артық шығын болдырмаңыз. Жалпы алғанда, ақпанда ақшадан аса қинала қоймайсыз, өйткені, қаржы бұл белгі иелерін «сүйеді» әрі қажет болған уақытында табыла кетеді.


Таразы

Ақпанда сізден ақшалай көмек сұраушылар көбейеді. Қолыңызда бармен қоса, жинаған қорыңызға да көз салушылар болуы мүмкін. Мұқтажға көмектесіңіз, қарыз сұраушылардың да қолын құр қайтармаңыз. Соңғы тиыныңыз қалса да, еш саспаңыз. Себебі, жасаған жақсылығыңыз бен берген қарызыңыздың қайтарымы көп күттірмейді әрі молынан келеді.


Сарышаян

Ақпан айы ерекше сәттілігімен есіңізде қалатын болар. Себебі, көптен көксеген армандарыңыз орындалады. Тіпті, түсіңізге кіріп-шықпаған жақсылықтар, тосын сыйлар орын алады. Сондай-ақ, қаржылық жағдайыңыз да жақсы жаққа қарай өзгереді. Тек, осының барлығы үшін алғыс пен шүкіршілік айтуды ұмытпасаңыз болғаны. Кіріс пен шығыстың арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұрсаңыз, ай бойы шалқып-тасып жүресіз.


Мерген

Ақпанда шығыныңыз әдеттегіден көбірек. Ойламаған жерден шығатын ұсақ, бірақ мәжбүрлі шығындар қатары артады. Иә, қаражат табуға аз күш жұмсап жүрген жоқсыз. Бірақ, соны өз рахатыңызға жұмсай алмау қандай жаман болса да, көндігуге тура келеді. Сондықтан, үнемдеңіз, ақпанда ірі көлемде ештеңе сатып алуды жоспарламаңыз. Әр саудаңызды мұқият ойланып барып жасаңыз.

Оқи отырыңыз:

Желке мен иығыңыз ауырып, жанға батса...

Тауешкі

Бұл айда жұлдыздар сізге барынша қамқорлық танытады. Оның дәлелі — ойлағаныңыздың бәрінің жүзеге асуы және материалдық ресурсыңыздың артуы. Айдың орта шенінде өте табысты бір жобаға салым салу мүмкіндігі туады. Қазір ақшаңызды салғанмен, оның қайтарымын көп күтуге тура келеді. Ал, Тауешкілер нәтижесін ұзақ күткенді және қолда тұрған қаржыны тәуекелге тіккенді ұнатпайды. Астрологтар дәл осы жерде бас тартсаңыз, қомақты табыстан құралақан қалатыныңызды ескертеді.


Суқұйғыш

Қыстың соңғы айы сіз үшін ұзаққа созылатын қаржы ағынының алғашқы айы болмақ. Ақшаның көмегімен шешілетін армандарыңыздың орындалуы, көптен көкейіңізде жүрген заттарды сатып алу, жасаған бейнеттің зейнетін көру — бәрі-бәрі басталады. Әйткенмен, барлық жағдайда да шығысты мұқият назарда ұстаған артық емес. Мейлі, ірі көлемді болсын, мейлі ұсақ болсын, қандай мақсатта жұмсағалы тұрсаңыз да, алдымен жақсылап ойланыңыз. Сондай-ақ, өзіңізді ғана ойламай, жақындарыңызға да жақсылық, сыйлық жасап тұрыңыз.


Балықтар

Арманыңызды орындаудың оңтайлы сәтін күтіп жүрсеңіз, ол осы айда туады. Ақпан сізге жоспарыңызды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Тек, дұрыс та пайдалы жоспар жасай білсеңіз болғаны. Ай ортасында ақшалай көмек сұраушылар есігіңізді қағады. Олардың меселін қайтармай, қолдан келгенше, қаржыңыздың жеткенінше көмектесіңіз. Ол кейін еселеніп қайтады.

Оқи отырыңыз:

Егер Сіз де осылай ойласаңыз, онда үлкен қателік жасап жүрсіз

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ