Бұл аптада ішкі түйсігіңіз жақсы жұмыс жасайды, дегенмен, жұлдыздар өзіңізге бекем болуды ескертеді. Өйткені, осы күндері бәсекелестеріңіз тым белсенді. Ең қауіпті күн — дүйсенбі болмақ. Бұл күні салық қызметінен қонақтар келіп немесе басшылықпен араңызда келіспеушіліктер туындауы мүмкін.
фото: baq.kz
Тоқты
Бұл аптада ішкі түйсігіңіз жақсы жұмыс жасайды, дегенмен, жұлдыздар өзіңізге бекем болуды ескертеді. Өйткені, осы күндері бәсекелестеріңіз тым белсенді. Ең қауіпті күн — дүйсенбі болмақ. Бұл күні салық қызметінен қонақтар келіп немесе басшылықпен араңызда келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Дегенмен, бұл ұзаққа созылмайды, сейсенбіде-ақөз-өзіңізге келіп, ары қарай сүйікті жұмысыңызбен айналыса аласыз. Сіздің идеяларыңыз ықпалды, қолында билігі бар тұлғалардың қызығушылығын туғызып, қолдауға ие боласыз. Қаржылық мәселелер болса, оларды бейсенбі күні қолға алыңыз, оң шешімін оңай табасыз. Сол сала қызметкерлерінен кеңес сұрауыңызға болады. Сенбі және жексенбі — сүйікті адамдарға, отбасылық демалысқа арнауға таптырмас күн.
Торпақ
Өзіңізге тым қатал сын көзімен қарауды доғарыңыз, сенімдірек және белсендірек болуға тырысып көріңіз. Дүйсенбіде аздаған қателіктер жіберуіңіз ықтимал. Сәрсенбі — жарнама жасауға сәтті күн. Бәсекелестермен бетпе-бет келу мүмкіндігі жоғары, олардан мысыңыз басым болуы үшін жаныңызда сенімді және мықты команда болғаны жөн. Бейсенбі күні іскерлік серіктестермен кездесуге дайын болыңыз. Апта барысында мол табысқа жетуге мүмкіндігіңіз бар, бірақ оған қол жеткізу үшін сөз таратушылар мен құйтырқы әрекетке баратындардан аулақ болыңыз. Мамырдың екінші жартысы жеке өміріңізге көптеген тосын сыйлар ұсынады.
Егіздер
Мамырдың бұл күндері Егіздерді көптеген қызықты жағдайлар күтіп тұр. Дегенмен, сабырсыздыққа бой алдырып жағдайды асықтырмаңыз, бәрі өз уақытымен болады. Дүйсенбі — келісімшарттарға отыру, құжаттарға қол қоюға сәтті күн. Бұл күні пайдалы байланыстар, таныстықтар да мол болады. Сәрсенбіде қаржылық операцияларды жүзеге асырсаңыз, ісіңіз сәтті аяқталады. Ал, бейсенбіде мемлекеттік мекемелерде шешілетін шаруаларыңыз оң шешімін табады. Жұма күнін мүмкіндігінше отбасыңызға, үйге арнаңыз, туыстармен қарым-қатынасты бұрынғыдан да жақындата түсуге тырысыңыз, біріккен саяхат немесе туған-туыстарға қыдырыстар ұйымдастырыңыз.
Шаян
Ойыңызды бір арнаға тоғыстырып, назарды ең маңызды нәрсеге аударуды үйреніңіз. Мамырдың бұл аптасында өміріңізде шиеленіске толы жағдайдар жиі орын алмақ. Бұл ретте сізге барлық нәрсеге философиялық тұрғыдан қарау көп көмегін тигізеді. Әлбетте, шиеленіскен жағдай дегеніміз — тым күрделі, өмірлік қиындықтар емес. Дегенмен, жақындарыңыздың қолдауына сүйенсеңіз артық болмайды. Ықпалды таныстар сіздің жағыңызда. Аптаның сейсенбісінде беделіңізге аздап нұқсан келуі мүмкін. Дегенмен, бұл үшін қатты алаңдаудың қажеті жоқ. Бәсекелестердің сізге арнап құрған қақпаны соншалықты қуатты емес. Қаржылық келісімдерге, шешімдерге әсіресе бейсенбі күні аса сақ болыңыз. Табысыңыз тұрақты, дегенмен табыс көзін ешкімге жария етпегеніңіз жөн. Демалыс күндерін отбасылық саяхат не табиғат аясында сейіл құруға арнаңыз.
Арыстан
Алдағы жеті шығармашылықпен айналысатын Арыстандар үшін аса сәтті болғалы тұр. Дегенмен, айналаңызға мұқият болыңыз. Дүйсенбі күні жалған жарнаманың құрбаны болуыңыз мүмкін. Ал, сейсенбіде кейбір әріптес не бәсекелесіңіздің қызғанышымен, көреалмаушылығымен бетпе-бет келесіз. Есесіне, сәрсенбі қаржылай бонус ұсынады. Жұлдыздар бұл күндері сараңдық танытпауға, лотерея билеттерін сатып алуға кеңес береді. Апта ортасында жасалған келісімшарттардың болашағы зор болады. Ал, демалыс күндерін мүмкіндігінше отбасыңызбен бірге өткізгеніңіз жөн.
Бикеш
Өзіңіз бекіткен ережелерден бас тартып, аздап ауытқысаңыз дұрыс болар еді. Бәрін бақылауда ұстауға тырыспаңыз. Бұл аптада ойыңыз бен бойыңызды барынша босаңсытып, тиісінше тынығуға көңіл бөліңіз. Жоспарларыңызды бәрімен бірдей бөлісе бермеңіз. Дүйсенбіде айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынаста сақтық танытыңыз. Сейсенбі күні басқалармен қаржы алмасуда аса абай болыңыз. Бейтаныстарға мүлдем сенім білдірмеңіз. Сондай-ақ, маңызды құжаттарға қол қоюға асықпаңыз. Бейсенбіде Бикештердің идеяларына іскерлік серіктестер ерекше қызығушылық танытады. Дәл осы күні ұяңдық танытып тасада қалмай, өз қабілетіңіз бен талантыңызды жария етіңіз.
Таразы
Жұлдыздар сізді аяқ астынан, қызбалыққа салынып шешім қабылдамауға шақырады. Бұл күндер өзін сабырлы ұстап, не нәрсені болсын терең саралап, талдай білген Таразылар үшін ғана сәтті болмақ. Дүйсенбіде айналаңыздағы адамдарға жіті назар аударыңыз. Олардың бірі өткен күндердегі бәсекелесіңіз немесе есесі кеткен жандардың бірі боулы ықтимал. Мансапқа қатысты сұрақтарды сейсенбіде шешкеніңіз дұрыс. Осы күні іскерлік серіктестеріңізге өзіңіз жайлы оң пікір, жақсы әсер қалдыра аласыз. Қаржылық келісімшарттарды сәрсенбіге жоспарласаңыз, ойдағыдай болады. Дегенмен, қомақты қаржы жұмсауды кейінге қалдырыңыз. Демалыс күндері тиімді таныстықтар мен кездесулерге толы болмақ.
Сарышаян
Осыған дейін көп еңбектеніп, бейнеттеніп келдіңіз, жемісін жеп, зейнетін көретін күн де алыс емес. Әсіресе, мамырдың осы аптасында жаныңызға жағымды, көңілге қуат бітіретін сәттер көп болады. Ірі ұйымдарда жұмыс жасайтын Сарышаяндар өз ісіне мұқият болғаны жөн. Кей әріптестері идеясын ұрлауы не қызметтен кетіруге тырысуы мүмкін. Сәрсенбі күні қалтаңызға қосымша қаржы түседі. Ал, жұмада отбасылық қарым-қатынасыңызға қауіп төнуі ықтимал. Оның алдын алып не оң шешімін табу үшін сүйіктіңізге жылы сөз айтуды, ортақ мәмілеге келуді үйреніңіз.
Мерген
Бұл аптада жұлдыздар сізге тыныштық сыйлайды. Мамырдағы осы бір үзілісті пайдаланып тынығыңыз, қуат қорыңызды толықтырыңыз. Дүйсенбі саяхатқа шығуға, қыдыруға, ал сейсенбі шығармашылық қабілетіңізді көрсетуге қолайлы күндер. Бенйсенбіде қаржылық операцияларды жүзеге асырсаңыз, сәтті аяқталады. Дегенмен, жаңа іскерлік серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз, олардың кейбірі аяқтан шалуы мүмкін. Жұма қай жағынан алсақ та, сіз үшін сәттілікке толы күн болмақ. Дегенмен, достар мен туыстардың қолдауы қажет болады. Өзіңізге сеніңіз, ал жақындарыңызбен кеңесіңіз. Сенбіде қосымша жұмыс жайлы ұсыныс түседі.
Тауешкі
Ішкі түйсікке сеніңіз, сонда мамырдың алдағы жетісі сіз үшін сәтті өтеді. Дегенмен, сізбен табан тірескісі келетін әріптестермен бәсекеге түспеңіз. Дүйсенбіде айрықша тұлғамен кездесу күтіп тұр. Кездесу барысында ұяңдықты, ұялшақтықты, комплекстеріңізді әрі ысырып қойып, идеяларыңызбен бөлісіңіз. Сейсенбіде қаржылық жағдайыңызға баса назар аударыңыз. Банкротқа ұшырау қаупі төнбесе де, жоспарланбаған шығындар тууы мүмкін. Бейсенбі күні белгі аясындағылардың көпшілігі іскерлік серіктестерінен тиімді ұсыныстар алады. Ал сенбі-жексенбі — белсенді демалыс ұйымдастыруға аса қолайлы.
Суқұйғыш
Сақ болыңыз, мамырдың бұл аптасы алдап-арбауға, азғыруға толы. Дүйсенбіде бірнеше қызықтыратын ұсыныс түседі, олардың қайсысын таңдасам екен деп ұзақ бас қатырасыз. Әрине, ішкі даусыңызды тыңдаңыз, дегенмен, онымен шектеліп қалмай, мамандардан кеңес сұрау да артықтық етпейді. Сәрсенбі — ұжымдық жұмыс атқаруға сәтті күн. Десе де, көп нәрсе өзіңіздің ұйымдастырушылық қабілетіңізге байланысты. Апта соңына белгіленген ұжымдық іс-шаралардан бас тартпаңыз, онда сізді қызықты, тиімді таныстықтар күтіп тұр.
Балықтар
Өз уақытыңызды тиімді пайдалануды үйреніңіз, шаруаларға жоспар құрыңыз. Күшіңіз бен уақытыңызды өзгелердің мәселесін шешуге жұмсамаңыз. Барлығына бірдей жағу және бәріне бірдей көмек беру мүмкін емес. Бұл аптада басқаның бәрін былай қойып, жұмысты бірінші орынға шығарыңыз. Дүйсенбіде өмір сізді қоғамдағы орны биік тұлғалармен таныстырады. Олармен жақын қарым-қатынас орнатып, қабілетіңізді байқатуға тырысыңыз. Сейсенбі шығармашылық күні болмақ, көптен бері ойыңызда пісіп-жетіліп жүрген идеяларыңызды жүзеге асыруға таптырмас күн. Қаржылық операцияларды жүзеге асырудан мүмкіндігінше бас тартыңыз. Жұма күні жинаған қорыңыздың біраз бөлігі жоспарланбаған жағдайларға шығындалуы мүмкін. Демалыс күндерін балалармен бірге өткізіңіз.
Аударған: А.Бектұрғанова,
ERNUR.KZ