Мамырдың соңғы аптасын эмоцияға аса берілмей, ұсақ-түйек жайсыздықтарға мән бермей, салқынқанды қалыпта өткізуге тырысыңыз. Дүйсенбіде қаржылай үстемақыға ие болуға үлкен мүмкіндік туады.
фото: pttpnederland.nl
Тоқты
Мамырдың соңғы аптасын эмоцияға аса берілмей, ұсақ-түйек жайсыздықтарға мән бермей, салқынқанды қалыпта өткізуге тырысыңыз. Дүйсенбіде қаржылай үстемақыға ие болуға үлкен мүмкіндік туады. Дегенмен, жоспарсыз қаржы жұмсаудан, тиімсіз салымнан сақ болуды үйренбесеңіз, бәрі бекер. Сәрсенбі —пайдалы іскерлік қарым-қатынас пен таныстық орнатуға сәтті күн. Тек өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсете білсеңіз болғаны. Отбасылық мәселелерді шешуді жұманың еншісіне қалдырыңыз.
Торпақ
Үнемдеуді үйреніңіз, алдағы аптада жоспарланбаған шығындар қомақты қаржыны қажет етеді. Апта басында көмек пен қарыз сұраған таныстарыңыз да жиі келуі мүмкін. Тұрмыстық мәселелерді мүмкіндігінше сейсенбіден ары өткізбей, сол күні шешіп тастауға тырысыңыз. Сәрсенбіде келіссөздер мен келісімшарттар кұтіп тұр. Бейсенбіге жоспарланған іссапарлар сәтті өтеді, ал жұмада жол жүруден бас тартқаныңыз жөн. Демалыс күндері алыстан қонақ келуі ықтимал.
Егіздер
Бойыңызда энергия мен алға ұмтылдыратын күш жеткілікті, олардың көмегімен мамырдың соңғы онкүндігін жақсы өткізесіз. Тек ол үшін «энергетикалық вампир» атауына сәйкес келетін адамдардан өзіңізді аулақтау ұстауға тиіссіз. Олар тек бәсекелестер емес, дос-туыс арасында да болуы мүмкін. Дүйсенбідегі рөліңіз — қаржы жағынан жолы болғыш жан. Алайда, көлденең келген табыс қой деп оңды-солды шашпаңыз, мүмкіндікті пайдаланып қарыз бен несиеден құтылуға асығыңыз. Аптаның екінші жартысы мәдени шараларға қатысу үшін аса қолайлы. Тасадан жарыққа шығыңыз, өзгелердің көзі мен сөзінен жасқанбаңыз.
Шаян
Өзіндік тәртіп, өз-өзін басқару қабілеті — бұл жақсы, әрине. Алайда, жұлдыздар алдағы аптада осы бір тұсыңызды аздап әлсіретіп, бойды босаңсытуға, көңіл көтеруге, тынығуға кеңес береді. Дүйсенбіге жоспарланған іскерлік келіссөздер сәтті өтеді, дегенмен бұл күні қаржылық құжаттарға қол қоюға асықпаңыз. Дұрысы — сала мамандарымен кеңесіп барып шешім қабылдау, содан соң барып құжатты қол қоюмен бекіту. Сәрсенбіде әріптестер арасында абыройыңызды арттыра түсуге мүмкіндік беретін жағдайлар орын алады.
Арыстан
Көктемнің соңғы күндерінде Арыстандарға мүмкіндіктерін көрсету, өзін дәлелдеу үшін көбірек тер төгуге тура келеді. Дүйсенбіде басшылықпен бетпе-бет келіп, тіпті «жекпе-жекке» шығуыңыз да мүмкін. Ештеңеден жүрексінбей, абыржымай, өзіңізге сенімді болсаңыз, кәсіби біліктілігіңізді дәлелдей білсеңіз, басшылық тарапынан еш қауіп төнбейді. Сейсенбіде еш сескенбей келісімшарттарға қол қойып, мәмілеге келе беріңіз, бұл күнгі салымдарыңыз табысты, ісіңіз жемісті, серіктестеріңіз сенімді болады. Жұмада жеке өміріңізде өзгерістер не жаңа таныстықтар орын алады. Алайда, «тілектес» болғысы келгендердің барлық сөзіне сене бермеңіз. Демалыс күндерін ұзақ жолға не бақша жұмыстарына арнасаңыз, сәтті болғалы тұр.
Бикеш
Араласатын ортаңызға мұқият болыңыз және сіз үшін өзгелердің шешім қабылдауына жол бермеңіз. Апта басында қаржылық жағдайыңыз бұрынғыдан да жақсара түседі. Таныс заңгерлермен байланысты үзбеңіз, себебі кей іскерлік серіктестер сыртыңыздан заңсыздыққа жол беріп, орға жыққысы келетіні байқалуы мүмкін. Апта ортасында уақытыңыздың көп бөлігін отбасыңызға, тұрмыстық мәселелерді шешуге арнаңыз. Демалыс күндерін сәтті өткізгіңіз келсе, жолға шығыңыз, бақша жұмыстарына арнаңыз немесе достармен басқосу ұйымдастырыңыз.
Таразы
Өтініші мен сұрауы таусылмайтын таныстардан алшақтап, өз мақсатыңызға қарай қадам басыңыз. Бүткіл аптаны шығармашылық жұмысқа арнауыңыз мүмкін, алайда ең өнімді іс атаратын күніңіз — сәрсенбі болмақ. Тиімді келісімдер мен болашағы бар келісімшарттар осы күні орын алады. Өзіңізді жасыра бермей, талантыңызды жарнамалай біліңіз. Ықпалды таныстарыңыздан көмек сұрап, өтініш айтудан да жасқанбаңыз. Бейсенбіде сүйікті ісіңізбен айналысу мүмкіндігі туады, қапы қалмаңыз.
Сарышаян
Мамырдың бұл күндері сіздер үшін сый мен маратапқа толы болғалы тұр, әсіресе, мақсатқа ұмтылып еңбек етсеңіз, табандылық танытсаңыз. Ол үшін апта басында тынбай еңбектеніп, тер төгуге тура келеді. Дүйсенбі — түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыруға қолайлы күн. Алайда, серіктес таңдауда асығыстық пен албырттыққа жол бермеңіз. Бейсенбіде танымал және ықпалды тұлғалармен пайдалы байланыстар орнату мүмкіндігі жоғары.
Мерген
Сізді алда оқиғаларға толы қызықты күндер күтіп тұр. Алайда, жұлдыздардың бір шарты бар: күмән туғызатын тұлғалардан, қаржылық айла-амалдардан аулақ болыңыз. Дүйсенбіде кей әріптестермен араңызды бұрынғыдан да жақындата аласыз, дегенмен, қызметтік әдеп шегінен шықпаңыз. Аптаның екінші жартысы махаббат оқиғаларына толы болмақ.
Тауешкі
Алдағы аптада өміріңізде жағымды өзгерістер орын алады. Есте қаларлықтай қызықты оқиғалар легі де көбірек. Дегенмен, өміріңізді одан әрі жақсарта түсуге, сән-салтанат пен жайлылыққа деген ұмтылысыңызды аздап тізгіндеуге тура келеді. Қаржылық жағдайыңыз тұрақты, десе де тосын жайларға жианаған қорыңызды сақтай тұрыңыз. Демалыс күндеріңіз іш пыстырарлықтай өтеді, алайда үй шаруасына, туыстармен қарым-қатынасқа арнасаңыз, уақытым бос өтті деп өкінбейсіз.
Суқұйғыш
Ұжымдық шаруаларға белсене атсалысыңыз, тиісті адамдар сіздің ұмтылысыңызды міндетті түрде байқайды. Белсенділігіңіз бен энергетикаңыз басшылықтың да, іскерлік серіктестердің де көңілінен шығады. Қаржылық жағдайыңыз беки түседі, тіпті мемлекеттік құрылымдар тарапынан қолдауға ие болуыңыз да ықтимал. Сенбі не жексенбіде ескі танысыңызбен кездесіп қалуыңыз мүмкін. Алайда, қазіргі өміріңізбен таныстырып, бар сырыңызды ақтаруға асықпаңыз.
Балықтар
Бұл күндері көңіліңіздің қалауын жасаңыз, қай істі қолға алсаңыз да сәтті аяқталады. Апта сіз үшін қызықты да мазмұнды болмақ. Көптеген Балықтар бұл күндері жаңа әсер мен эмоцияны бастан кешіргісі келеді. Алайда, жұлдыздар асықпауға кеңес береді, тым болмаса демалыс күндеріне дейін шыдаңыз. Ал, жұмыс күндерін қызметке, іскерлік серіктестермен байланыс орнатуға жұмсағаныңыз дұрыс. Кәсіпкерлік тізгінін ұстаған Балықтар келер аптада бірнеше тиімді келісімшарттарға қол жеткізе алады. Қаржылық жағдайыңыз да көңіл қуантарлықтай болып жақсара түседі.
Аударған: А.Бектұрғанова
ERNUR.KZ