​Апталық жұлдызнама: 28 мамыр - 3 маусым

0
3 313

Барлық жағдайды алдын-ала жоспарлағанды ұнатсыз. Өзгелерден өз жоспарыңызбен жүруді талап етесіз. Бәрінің бұйрыққа бағынғанын қалайсыз. Бірақ, бұл барлық кезде қолыңыздан келе бермейді. Арасында бұйыра сөйлеуден бас тартып тұрыңыз. Аздаған айла мен елпілдей сөйлеу арқылы да адамдарды басқаруға болатынын ұмытпаңыз.


​Апталық жұлдызнама: 28 мамыр - 3 маусым

фото: zviazda.by

Тоқты

Алдыңызға мақсат қойып, өміріңізді өзгертуге шешім қабылдасаңыз, алғашқы қадамдар жасай беріңіз. Бұл аптадағы табандылығыңыз басқа кездегіден ерекше. Айналадағы күнде қайталанатын жұмыстар жалықтырса, жалғыз саяхатқа шығып, тынығыңыз. Бұл жақын-жуықтарыңызға ұнамауы мүмкін. Алайда, алдағы аптада бойыңыздағы эгоизм де бұрынғыға қарағанда белсендірек.

Торпақ

Баяу қозғалатын болмысыңыз бұл аптада жиі ашуыңызға тиеді, алайда қолдан келер ештеңе жоқ. Бейсенбіде қолға алған жобаңызды аяқтауға тура келеді. Дегенмен, серіктесіңіздің де ісі өнбей, алға баспай тұр. Дұрысы — жобаны қорытындылау мерзімін кейінге ысыру.

Егіздер

Бұл аптаны сіз үшін сәтті өтеді деу қиын, ол өзіңізге бірден сезіледі. Қандай істі қолға алсаңыз да, кедергілер тумай тұрмайды. Сондықтан, кей істерді саналы түрде кейінге қалдырып, ұсақ-түйектермен айналысқаныңыз дұрыс.

Есесіне, сүйікті адамыңызбен тіл табысу оңайға түседі. Көп уақытты бірге өткізесіздер. Отбасын құрмаған Егіздерде қарым-қатынастың келесі сатысына өту жайлы да ойлар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, алдағы апта қызметтегі емес, жеке өмір мәселелерін шешуге оңтайлы.

Шаян

Үнемі айыңыз оңынан туады, оған қызыға да, қызғана да қарайтындар көп. Өзгелердің қызғанышына бейжай қарамай, сақтық шараларын қарастыратын уақыт жетті. Айталық, әлеуметтік желідегіелсенділікті азайтыңыз. Әдемі суреттер мен жақсы жаңалықтардың бәрін бөлісе бермеңіз.

Сәттілік бұл аптада да серігіңіз болып, мол табысқа кенелесіз. Сәрсенбіде сүйікті адаммен кездесу белгілемеген дұрыс. Дұрысы — жұмаға қалдырыңыз, сонда кездесу керемет өтеді.

Арыстан

Өз тәуелсіздігіңізді бекітіп, өзгелердің пікірінен бостандық алатын шақ келді. Бойыңыздағы көшбасшылық қасиеттеріңіз отбасындағы орныңызды айқындауға көмектеседі. Бәрі сіздің шешіміңізбен келіседі, әсіресе, қаржылық мәселелерге келгенде. Отбаслыық финансты қолға алып, кіріс пен шығысты өзіңіз бақылаңыз.

Сәрсенбіде қызмет орнындағы шаруалар тез шешімін тауып, түйткілдер түйіні оңай шешіледі. Ал, демалыс күндері өзіңіз жоспарлағандай өтпеуі мүмкін. Барлық жағдайға әзір болыңыз.

Бикеш

Барлық жағдайды алдын-ала жоспарлағанды ұнатсыз. Өзгелерден өз жоспарыңызбен жүруді талап етесіз. Бәрінің бұйрыққа бағынғанын қалайсыз. Бірақ, бұл барлық кезде қолыңыздан келе бермейді. Арасында бұйыра сөйлеуден бас тартып тұрыңыз. Аздаған айла мен елпілдей сөйлеу арқылы да адамдарды басқаруға болатынын ұмытпаңыз.

Сейсенбіде жақындарыңызға артық жүк артпаңыз. Олар сіздің ойыңызбен мүлдем келіспейді, бағынбайды да. Бейсенбіде ұжымдағы орныңыз бен сыйыңызды қалпына келтіруге күш салыңыз. Әріптестердің сізге деген сый-құрметіне селкеу түскен.

Таразы

Бұл аптада бар уақытыңызды серіктестемен арақатынасты түзеуге жұмсайсыз. Оның бұзылуына өзіңіз жол бергенсіз, енді бәрін қайта орнына келтіріңіз. Апта бойы осы жолда еңбектенсеңіз, соңына қарай шешімін тауып қаларсыз. Біреудің көңілін табамын деп тырмысу да оңай емес, психологиялық тұрғыдан шаршатады. Сондықтан, бейсенбіні өзіңізге, көңіл көтеруге арнаңыз. Жұмада спортпен шұғылданыңыз, сонда стресстен түбегейлі арыласыз.

Сарышаян

Өзінен көрі өзгелердің қамын көбірек ойлайтын Сарышаяндарға бұл аптада аздап өзгеруге кеңес береміз. Аяқ астынан жәрдемге шақырған жақындарға өз ісіңді тастай жүгіруден көбірек зиян шегуіңіз мүмкін. Кейінірек көмектесуге уәде беруге болады. Жұмада орын алған аздаған романтика жаныңызға жылу сыйлайды. Әлеуметтік желідегі жаңа таныстық кездесуге ұласуы ықтимал.

Мерген

Айналадағы барлық жағдайға жеңіл қарайтын қасиетіңіз кісі қызығарлықтай. Оған себеп — алдағы аптада бойыңыздан көбірек көрініс беретін эгоизм. Есесіне, соның арқасында көңіл-күйіңіз көте ріңкі болады.

Жұма күні шулы ортаның кешкі сауығына шақырту аласыз.

Тауешкі

Бар шаршауыңыз алдағы аптада шығады. Әрі қалай бұлай жүре беруге болмайды деп шешіп, жұмысты жеңілдету жоспарын жасағаныңыз жөн. Міндеттеріңіздің біршама бөлігін басқа адамға бөліп беріңіз.

Кей Тауешкілерге сүйіктісімен қарым-қатынасының салқындағаны сезіледі. Олай бола қалса, жағдайды ізтей сараптап, шешім мен шығар жолды іздеңіз. Бәлкім жеке өмірде қазіргіден де жақсысына лайық шығарсыз, ойланып көріңіз.

Суқұйғыш

Апта бойғы мінезіңізді түсіну өзгелерге қиынға соғады. Алға озғанның бәріне қызығып қана қоймай, қызғаныш тудырып, өз жеңілістеріңіз үшін жеңімпазды кінәлайсыз. Дегенмен, кінәні өзіңізден іздегеніңіз дұрыс. Соңғы кездері еңбекқорлық пен қайраткерлігіңізді әлсіреткен боларсыз. Жұмысқа белсене кірісуге демалыс, саяхат туралы ойлар, оған қажетті қаражат итермелей алады.

Іскерлік серіктестік көкжиегін кеңейтуге күш салыңыз. Алайда, болашақ серіктестердің ең алдымен адамгершілік қасиетіне мән беріңіз. Олардың бірі сізге қақпан құруы ықтимал.

Балықтар

Алдағы аптаны тыныш, ешкімнің ісіне араласпай, өзіңізбен-өзіңіз өткізген жөн. Басқаларға сенуді, арқа сүйегенді ұнататын оларды ешкімнің көмек қолын созбауы қынжылтады. Сейсенбіде мүмкін болса шаруаларды үйде отырып тындыруға, жұмысты қашықтан жасауғатырысыңыз.