​Апталық жұлдызнама: 30 сәуір - 6 мамыр

0
2 195

Алдағы аптада өміріңізді түбегейлі өзгертетін бір жанмен танысуға мүмкіндік болады. Өзгерістерді қабылдамас бұрын дұрыс–бұрысын саралап, анықтап алыңыз. Апта күндері білім қорын толықтыруға, кәсіби біліктілікті арттыруға аса қолайлы.


​Апталық жұлдызнама: 30 сәуір - 6 мамыр

фото: nlo-mir.ru

Тоқты

Алдағы аптада өміріңізді түбегейлі өзгертетін бір жанмен танысуға мүмкіндік болады. Өзгерістерді қабылдамас бұрын дұрыс–бұрысын саралап, анықтап алыңыз. Апта күндері білім қорын толықтыруға, кәсіби біліктілікті арттыруға аса қолайлы.

Торпақ

Мамыр айының алғашқы күндерінде қызметтен көрі отбасыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Кеңседегі ерліктеріңізбен, еңбекқорлықпен әріптестеріңізді таң қалдыруға тырыспаңыз, еңбегіңіз еленбейді. Аптаның соңы күйзеліске душар етуі мүмкін. Жексенбілік демалысты тек өзіңізге арнап, бойыңызды тың күшпен толықтырыңыз.

Егіздер

Бұған дейін жеңістік бермей белсенділік танытып келген бәсекелестеріңізді осы аптада басып озып, биіктен көрінесіз. Бірақ байқаңыз, бойыңыздағы менмендікке ерік берсеңіз шыққан биігіңізден құлдырау да әп сәтте. Қызметтік іссапарға ұсыныс түссе, бас тартпаңыз.

Шаян

Дәл осы аптада жаңа бір істі сенімді түрде бастай беруіңізге болады. Бұл сіздің мүмкіндіктеріңіздің көкжиегін кеңейтіп, жаңа қырларыңызды ашады. Жолыңыз бөлек жандармен араңызды алшақтатыңыз. Алдағы аптада айрылысулар басқа кезге қарағанда жеңілірек өтеді.

Арыстан

Алдағы аптада жәрдемі тиген жандардың бәріне алғыс айтуды ұмытпаңыз. Ал аяқтан шалғысы келгендерден өзіңізді барынша алшақ ұстаңыз. Әріптестердің қызғанышы қызмет орнында аздаған түсініспеушіліктер туғызады. Мамырдағы мерекелер тұсында энергияңыз тасып тұрады, орнымен пайдалана біліңіз.

Бикеш

Бұл аптада қосымша табыс тиегі ағытылғалы тұр, алайда бұл үшін жұмысқа барынша берілуге тура келеді. Іссапараларға, кешкілікте жұмыс жасауға, тіпті демалыс күндерін қызметке арнауға әзір болыңыз. Есесіне, жеке өміріңізде бәрі жақсы болады. Сүйіктіңіз әрдайым жаныңыздан табылып, қолдау көрсетеді.

Таразы

Іс-әрекеттеріңізді ой елегінен өткізіп, қателіктеріңізді анықтап, қорытынды шығаратын шақ келді. Бұл болашаққа үлкен сабақ. Демалысты жоспарлауға, тіпті билетке тапсырыс беруіңізге болады. Бұл аптада отбасыңыздағы үлкен кісілер қамқорлығыңызды, көмегіңізді қажет етеді.

Сарышаян

Келер аптада жеке өміріңізде жолайрыққа тап боласыз: қалу не кету – екінің бірін тандауға тура келеді. Өзгелерді емес, өз жүрегіңізді тыңдаңыз, сонда қателеспейсіз. Бұл жетіде кіріс көлемі қомақты болмақ, қарыздар болсаңыз, құтылуға асығыңыз.

Мерген

Алдағы жетіде сізге эмоциялық тұрақтылық жетіспейді. Көңіл-күйіңіз күн сайын емес, сағат сайын құбылып тұрады. Мұндай жағдайдан жайлы шығудың бір ғана жолы бар, ол – шығармашылықпен айналысу. Денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін, өзінізді жайсыз сезінсеңіз, дәрігерге қаралыңыз.

Тауешкі

Алда жағымды кездесулерге, қызықты шараларға толы ұмытылмас апта күтіп тұр. Аптаның барлық күні көңілді өтеді. Тиімді ұсыныстардан қапы қалмаңыз. Бастапқыда қауіпті болып көрінуі мүмкін, тәуекел етсеңіз, нәтижесі қуантарлықтай болады.

Суқұйғыш

Аптаның әр күні әр қилы өтеді: бірінде төбеңіз көкке жетіп қуансаңыз, келесі күні түңілдім деп тұнжырауыңыз мүмкін. Қандай жағдай болса да, шүкіршілік айтуды ұмытпаңыз, сонда бәрі біршама жеңілдейді. Бұл күндер сіз үшін қайырымдылықпен айналысуға қолайлы. Апта соңында материалдық марапат бұйырғалы тұр.

Балықтар

Келер аптада кімдермен араласып жүргеніңізге зер салыңыз. Кез келгені кері ықпалын тигізуі мүмкін. Тәкаппарлық пен менмендіктен арылуға күш салыңыз. Таза ауада көбірек серуендеп, дұрыс демалуға уақыт пен көңіл бөліңіз.

Аударған: А.Мейірханқызы

ERNUR.KZ