Астрологтар: КАРАНТИНнен кейінгі КРИЗИСтен қалай ОҢАЙ шығуға болады

0
1 736


Астрологтар: КАРАНТИНнен кейінгі КРИЗИСтен қалай ОҢАЙ шығуға болады

Карантин мерзімі аяқталып, қызу тіршілік қайта жандана бастады. Алайда, қайта аяққа тұрып алғанша оңай болмасы анық. Дәл қазіргі кез – көпшілігіміз үшін кризис кезеңі. «Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілгелі» тұрған уақыт. Осыған орай астрологтар әр белгі иесіне кризистен алып шығар әрекеттер мен жолды нұсқады.


Тоқты

Өзіңізді қайта қолға алып, әрекет етіңіз. Санды да арттырып, сапаны да ақсатпау керек. Бұл үшін екі есе күш пен уақыт жұмсауға тура келеді. Аянбаңыз, сонда айыңыз оңнан туады.


Торпақ

Серіктестер мен әріптестеріңізді, достарыңызды бірігіп еңбек етуге, өзара көмек жасауға шақырыңыз. Үлкендерден ақыл сұрап, айтқандарына ден қойыңыз.


Егіздер

Бұрынғы жұмысыңыз аса табысты болмаса да, тастамаңыз. Жаңа бастама дәл қазір ұшпаққа шығармайды. Оның орнына осыған дейінгі кәсібіңізді дамыту, жақсарту жағын ойластырған дұрыс.


Шаян

Сіз үшін жаңа мүмкіндіктер уақыты туып тұр. Ойдағы жоспарларды жүзеге асыруға, жаңа жоба бастауға асығыңыз. Бұл үшін орын ауыстыру керек болса да, тәуекел етсеңіз, табысқа кенелесіз.


Арыстан

Карантин мен кризис сізге уақытты жақсы өткізуге кедергі емес. Тіпті, өмірлік махаббатыңызды кездестіріп, сезім құшағында бақытты күндер кешуіңіз де ғажап емес. Бастысы, өзгерістерден қорықпаңыз және қарыз, несие алмаңыз.


Бикеш

Сіз үшін әлі де оқшаулану маңызды. Көпшілікпен етене араласуды, сапарға шығуды кейінге шегере тұрған абзал. Қаражатты да оңды-солды шашып, қажеттіліктердің орнын толтыруға асықпаңыз.


Таразы

Әзірге жылжымайтын мүлікке қатысты ешқандай құжатқа қол қоймаңыз. Сату-сатып алу операциясы да сәтсіздікке ұрындырады. Көп уақытыңызды оңаша, табиғат аясында өткізуге тырысыңыз.


Сарышаян

Көптен кейінге ысырып жүрген шаруаларды қолға алыңыз. Басталып, аяқсыз қалған істерді тындырыңыз. Дәл қазір сізге табыс әкелетін – солар.


Мерген

Ойыңыз бен пікіріңізді жарыққа шығарудан, айтудан жасқанбаңыз. Біліміңіз бен идеяларыңызды қолданыңыз. Ұтымды қолдана алсаңыз, ұтарыңыз көп.


Тауешкі

Тезірек табысқа ие болу үшін серіктестермен келісімге келіп, керекті адамдармен байланыс орната алуға тиіссіз. Ой мен мақсаттарыңыз ортақ жандармен біріге отырып әрекет етсеңіздер, мүмкіндік арта түспек.


Суқұйғыш

Сізде көкжиекті кеңейтуге мол мүмкіндік бар. Алайда, ол үшін аянбай тер төгуге тура келеді. Бар күш-қайратыңызды жиып қармансаңыз, қалағаныңызға қол жеткізесіз.


Балықтар

Күш-қуатты түп-тамырынан алатын белгі екеніңізді ұмытпаңыз. Тағы да біраз энергия қорын толықтыру үшін әлі де үйде, отбасыңызбен бірге бола тұру керек. Жақын күндері отбасыңыздың көмегі қажет болатын жағдай орын алады.

Аударған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Үйіңізде ОСЫ нәрсе болса, СӘТТІЛІК өзі-ақ КЕЛЕДІ