Досыңыз СЫР САҚТАЙ ала ма - жауабын жұлдызды жорамалынан біліңіз

0
2 070

Сыр сақтай алмайтын белгі иелерімен сырласу қауіпті.


Досыңыз СЫР САҚТАЙ ала ма - жауабын жұлдызды жорамалынан біліңіз

Серігіңіздің сырға қаншалықты берік екенін білгіңіз келсе, алдымен жұлдыз белгісін анықтап алыңыз. Ары қарайғысы оңай.


Тоқты

Өзгенің құпиясын көзінің қарашығындай сақтай алады. Бірақ, қарым-қатынас жақсы кезде ғана. Араға сызат түссе болғаны, құпияны өз иесіне қарсы қару етіп қолданудан тайынбайды. Сондықтан, бұл белгі иелеріне сырды да, шынды да абайлап айту керек.


Торпақ

Әр сөзін електен өткізіп барып айтатын, артық сөзі жоқ, томаға-тұйық жандар. Өзі жайлы да, өзге жайлы да ашылып ақтарыла бермейді. Сыр мен сөзге беріктігі сонша, қандай жолмен қинаса да олардан тіл алу қиынның қиыны.


Егіздер

Олар өсек айтпайды, бірақ әңгімелескенді жақсы көреді. Кез келген тақырыпта еркін көсіле кетеді – ауа райы, мемлекеттік мәселе, отбасылық жағдайлар, қарым-қатынас және күтпеген жерден... өзге біреудің сеніп айтқан сыры... Әдейі емес, бірақ байқамай айтып қояды. «Әңгіме арасында аузымнан шығып кетті» деген ақталуды ең көп қолданатындар. Оған сырыңызды айтпас бұрын ойланған абзал.


Шаян

Ол – оқымаған психолог. Тыңдай біледі және сырыңызды шашпайтынына сендіреді. Шынында солай. Қандай жағдай болса да, бір сөзін де шашау шығармай, құпияңызды «құлыптаулы сандықта» сақтай алады.


Арыстан

Оларға барлық бүркемелі сырыңызды бүкпесіз айта беруге болады. Бірақ, бұл Арыстанның сырға беріктігін білдірмейді. Қай кезде де олардың бар назары өзінде, тек өзімен әлек. Сіздің сөзіңізге мән бермейді, есінде де сақтамайды. Сондықтан, шер тарқатып, жеңілдеп алғыңыз келсе, жасырын сырыңызды Арыстанға жария етіңіз. Түпсіз шыңырау не тілсіз қабырғамен сырласқандай із де, сыз да қалмайды, қауіпсіз.


Бикеш

Жалпы алғанда, Бикештерді де құпияны сақтай алатын «сыр сандық» деуге болады. Әсіресе, ол құпия өзіне де қатысты және зияны тиетіндей болса. Ал, өзге біреудің бүккенінің әшкере болуы өзіне пайда әкелетін болса, оны жария қылуға асығады және міндетті түрде жолын табады. Міне, осыдан қорқу және ұмытпау керек.


Таразы

Әңгімешіл әрі аузы жеңіл белгі иелерінің бірі – Таразылар. Білсеңіз, құпия-сырдың да салмағы болады. Жай сөзден ауыр. Міне, осы салмақты арқалап жүру Таразыға қиын. Ешкімге қас қылғысы келмейді, бірақ, ішін тесіп бара жатқан сырды жария етпесе, тағы болмайды. Сіз оған сырыңызды айтып жеңілдесеңіз, ол сырдың салмағы мен жауапкершілігін көтере алмай, жүгін басқа біреуге артқанша асығады.


Сарышаян

Сөзшең емес, үнемі бір бармағы бүгулі, жарты сөзі жасырулы. Бірақ, осыған қарап сырымды айта беруге болады деп ойламаңыз. Себебі, Сарышаянға айтқан әр құпияңыз – қажет кезінде өзіңізге қарсы қойылар қару. Соның күшімен қорқытып, бопсалау арқылы айтқанына көндіріп, айдауына жүргізетініне күмәніңіз болмасын.


Оқи отырыңыз:

Мамандық таңдауда ЖҰЛДЫЗНАМАҒА да жүгінген ҚАТЕЛЕСПЕЙДІ


Мерген

Астрологтар сырды сеніп тапсыруға болмайды дейтін тағы бір белгі иесі. Мергеннің ашықауыздығы оның пиғылының жамандығынан емес. Айтпаймын деп отырып, байқамай аузынан шығарып алатын аңқау да емес. Жай ғана, олар көп нәрсені құпия сақталуға тиісті сыр деп санамайды. Сондықтан, білгенін басқалармен жайбарақат бөлісе береді.


Тауешкі

«Басыңды алам» десе де, отыз тісінен бір де бір артық ауыз сөз шықпайды. Бірақ... Егер біреудің сырының әшкере болуы оған қандай да бір пайда әкелетін болса, мүмкіндікті құр жібермейді.


Суқұйғыш

Бұл белгі иелерін де ашықауыз, өсекші деуге келмес. Алайда, біреудің жан сырын екінші біреуге баяндап қоятыны бар. Мұнысы теріс пиғылдан туатын әрекет емес. Ниеті – құпия иесіне көмектесе алады-ау, құнды кеңес бере алар деген адамдарға айтып, ақыл сұрау.


Балықтар

Құпия-сырға келгенде олар нағыз балыққа айналады. Бірақ тек сыр иесі «Ешкімге айтпа!» деп бірнеше рет шегелей ескертсе ғана. Олай етпеген жағдайда Балықтарға айтқан сырыңыздың бірнеше күннен соң айналып алдыңыздан шығуын күте беруге болады. «Ерлі-зайыптылардың арасында құпия болмауға тиіс» деген қағиданы ұстанатын олар жасырын әңгімені бірінші болып өмірлік серігімен бөліседі.

Ең дұрысы, біреу сырыңызды шашпасын десеңіз, өзіңіз аузыңызды ашпаңыз. «Отыз тістен шыққан сөздің отыз рулы елге тарайтынын», содан соң «ешкімнің аузына қақпақ бола алмайтыныңызды» есте сақтаңыз. «Ең сенімді сыр – ешкім білмейтін сыр» екенін де...

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ