НАУРЫЗДА қазақстандықтарды ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС күтіп тұр

0
2 542

Болжамды оқып қана қоймай, көңілге тоқып, барлық жағдайға алдын ала дайын болыңыз.


НАУРЫЗДА қазақстандықтарды ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС күтіп тұр

Наурыз айынан үмітіміз мол. Керемет көктемнің басталуы, мерекелік күндер... – тағатсыздана тосуға себеп көп. Күткен үмітіміз ақтала ма? 2020 жылғы наурыз қазақстандықтар үшін жайлы ма? Астрологтар айтқан өзгеріс оң ба, жағымды ма әлде жағымсыз ба, оны астрологтар болжап берді. Оқып, көңілге тоқып, барлық жағдайға дайын болыңыз.


Тоқты

Жаңа мезгіл, жаңа ай келісімен-ақ белгі иелері бойына ерекше күш-қуаттың толғанын байқайды. Осы қуатты дұрыс бағытта жұмсап, тиімді қолдана білсеңіз, тау қопарып тастауға болады. Көптен ойыңызда жүрген істерді жүзеге асыруға асығыңыз. Өміріңіздің өзіңізге ұнамсыз тұстарын ретке келтіру немесе түбегейлі төңкеріс жасау өз қолыңызда. Түйсігіңізді тыңдаңыз, ол адастырмайды.

Жұмыс орныңызда өзіңізді сауаттылық, іскерлік қырыңыздан көрсетуге тырысыңыз. Бұл әріптестер арасында абыройыңызды арттырумен қоймай, мансап баспалдағында жоғарылауды, еңбекақы көлемінің артуын жақындатады.

Ай ортасына қарай бос уақытыңыз көбейеді. Осы мүмкіндікті жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізуге, тынығуға, сапарға жұмсаңыз.


Торпақ

Көктемнің алғашқы айында көңіл-күйіңіз көтеріңкі, бойыңыз қуатқа толы, сергек те сенімді жүресіз. Бұл уақытта сізге бәрі оңай әрі тез. Жұлдыздар мен сәттілік сіздің жақта. Сондықтан, көптен көздеген мақсаттарға жетуге талпыныңыз. Ештеңеге қарамастан алға ұмтыла берсеңіз, біраз жерге барып қаласыз.

Айдың алғашқы аптасын осындай ұмтылыспен өткізгенмен, екінші аптада қарқынды аздап бәсеңдетуге тура келеді. Ол уақытта ең басты, нәтижелі болады-ау деген шаруаларды белгілеп, бар назарды соларға аударған жөн. Осылайша өмірлік қуатыңызды сақтап, табысқа да жетіп, жеке өмірге де уақыт пен көңіл бөле аласыз. Ұзақ мерзімді жоспар құру, келісімшартқа отыру қажеттілігі болса, наурыздың орта шенінде қолға алыңыз.

Осының бәрін оңдай алсаңыз, ай соңына қарай қаржылық жағдайыңыз айтарлықтай жақсарады. Қосымша табыс көздері, жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Дәл осы сәттерде мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін жақындарыңыз бен достардан ақыл сұрап, кеңескен абзал.


Егіздер

Егіздер үшін оң өзгерістерге толы, табысты да жемісті ай болғалы тұр. Барлық мәселелердің шешімі табылып, ерекше идеялар ағыны келеді. Жүзеге асыра алсаңыз, қыржылық жағдайыңыз едәуір жақсарып қалары сөзсіз.

Ішкі әлеміңіз де өзгеріссіз қалмайды. Осы айда өзіңізге сенімді, тәуелсіз бола түсесіз. Басқалардың пікіріне бағыныштылықтан арыласыз. Бұл қасиеттердің алға қойған мақсаттарға жетуге үлкен көмегі тиеді.

Айдың алғашқы онкүндігінде көптеген жағымды оқиғалар мен кездесулер күтуде. Қандай жағдай болмасын, отбасыңызды, туған-туыспен қарым-қатынасты бірінші орынға қоюды ұмытпаңыз.

Екінші онкүндік аздаған қиындығымен, қарбаласымен келеді. Ай ортасына қарай көптеген сұрақтарға жауап, мәселеге шешім табуға тиіс боласыз. Кәсіби біліктілікті тиісінше қолдана білсеңіз, бұл қиындықты да артта қалдырасыз.


Шаян

Жаңа айда жұлдыздар Шаяндарға көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Жіберіп алмай, орайлы пайдалануға тырысыңыз. Өзгерістер кезеңі қызмет саласын ғана емес, жеке өмірді де қамтиды. Оның оң болуы өзіңізге байланысты, шыдамдылық пен тұрақтылық таныта біліңіз.

Ай басында романтикаға жол ашқан артық болмайды. Қарым-қатынасты бір жаңартып, жаңғыртып қойсаңыз, жақсы жалғасын табады.

Наурыздың орта шеніне қарай шабытыңыз ашылады. Осы кезеңді құр жібермей, шығармашылықпен айналысуға уақыт бөлсеңіз, өзіндік дамуға да, табыстың өсуіне де ықпалды нәтиже шығады.

Ай соңында зейініңіз шашыраңқы, шаршау сезінесіз. Сондықтан «екі кеменің басын қатар ұстамай», басқаларға қарағанда маңызы басымырақ мәселемен ғана айналысыңыз.


Арыстан

Наурыз Арыстандар үшін табысты, жемісті кезең. Бойында бұрын-соңды болмаған күш-қуат, ықылас оянады. Әрекет етсе, мақсатына қол жеткізіп, армандарын орындау мүмкіндігі көбірек.

Айдың бастапқы күндерін жұмыс барысындағы, отбасындағы міндеттеріңізді атқаруға арнаңыз. Екінші онкүндік басталған уақытта бойыңызға шабыт, ойыңызға жарқын идеялар құйылады. Іске асыруға асығыңыз.


Бикеш

Қай уақытта да белсенді Бикештерге бұл айда қарқынын аздап бәсеңдеткен абзал. Жұмысқа емес, жеке басыңызға көңіл бөліңіз, өзгелерді ғана емес, өзіңізді де ойлап қойыңыз. Қаражат жағына қам жемеңіз, тұрақты табысыңыз өзгеріссіз түседі және жоспардан тыс шығындар жағадан алмайды.

Ай басында тынығып, ішкі-сыртқы әлеміңізді, денсаулығыңызды реттеп алсаңыз, орта шеніне қарай көкжиегіңіз кеңейе түседі. Жеке өмірге де, мансап жолына да қатысты болашағы зор мүмкіндіктерге ие боласыз.

Жақындарыңызды да назардан тыс қалдырмаңыз. Бұл айда олар сіздің тарапыңыздан көмек пен қолдауға зәру.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫНЫҢ арасын НУМЕРОЛОГИЯ арқылы ЖАҚСАРТУға бола ма?


Таразы

Жұмыс пен жеке өмірді реттей алсаңыз, наурызды жайлы да жемісті аяқтайсыз. Осы айдағы ойларыңыздың бәрі материалданады. Сондықтан тек жақсы ойларды толқытып, оптимизмді қосыңыз. Сонда өміріңізде оң өзгерістер көп болады.

Араласатын адамдарды, ортаңызды електен өткізіп, алға жылжуға, дамуға кедергі болатын кісілерден алшақтаңыз. Жұмыс үстеліңізді ескі қағаздар, керек емес құжаттардан, үй-жайды да басы артық заттан арылтыңыз. Тазалық пен бос орын жаңа жақсылықтарды тартады.

Наурызға жасаған барлық жоспарларыңыз жүзеге асады, мақсатыңызға міндетті түрде жетесіз. Шын ниетпен әрекет етсеңіз болғаны.


Сарышаян

Көктемнің алғашқы айы қызметке қатысты біршама мәселелерді шешіп, қаржылық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Осы айда өзіңіздің әлеуметтік дәрежеңізді өзгертуге барыңызды салыңыз. Шындап тырыссаңыз, қолыңыздан келеді.

Ай ортасында ескі доспен, көптен көріспеген туыспен, жалпы бір жақыныңызбен күтпеген кездесу орын алады.

Айдың орта шеніне қарай өзіңізді рухани байыту, «МЕН»-іңізді қалыптастыру, даму жолына түссеңіз, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.

Соңғы онкүндікті отбасыңызға, сүйікті адамдарға арнаған дұрыс. Жақындармен бірге өткізген уақыт өмірге құлшынысты арттырып, жағымды энергия береді.


Мерген

Белгі иелерін ай басынан-ақ ұсақ-түйек жайсыздықтар күтіп тұр. Ол жақыныңызбен арадағы реніш, сүйікті бұйымды сындырып алу, жоғалту сынды жайттар болуы мүмкін. Аздап жүйкені жұқартатыны рас, бірақ, арты үлкен мәселеге ұласпайтынын ұмытпаңыз. Болған жайдың бәрін күлімдеп қарсы алып, жақсы жағын ғана көруге тырысыңыз.

Айдың алғашқы онкүндігінде өмірге басқа қырынан қарауға, көзқарасты дұрыс жаққа қарай өзгертуге мүмкіндік беріледі. Екінші, үшінші апталары бірқалыпты, тыныш өтеді. Осы тыныштықты пайдаланып, көп уақытыңызды отбасыңызға арнаңыз. Ал, ай соңындағы аптаны идеяларыңызды жүзеге асыруға жұмсасаңыз, наурызды жемісті аяқтайсыз. Жаңа іс бастау мен маңызды құжаттарға қол қоюға өте сәтті уақыт.


Тауешкі

Бос сөз бен уақыт ұрлайтын қажетсіз шаруалардан бас тартып, уақытыңызды, күшіңізді пайдалы нәрсеге жұмсаңыз. Сонда наурызда біршама үлкен іс тындырып тастай аласыз. Жаңа ай сіз үшін жайлы басталып, дұрыс шешім қабылдап, дұрыс қадам жасауға жағдай жасайды. Осы уақытқа дейін ойда болып, бірақ іске аспай келе жатқан жоспарларды қолға алыңыз. Көздеген нәтижеге міндетті түрде жетесіз.

Осы айда мінез-құлқыңыздың кей тұстарын қайта тәрбиелеуге тырысқаныңыз жөн. Сізді өзңізден басқа ешкім өзгерте алмайды. Эмоцияңызды басқаруды, қажет жерінде ашуды ауыздықтауды үйренгеніңіз дұрыс.

Шаруа деп шаба бермей, ай соңында өзіңізге демалыс жариялаңыз. Демалыс уақытын жағымды кино көруге не кітап оқуға арнаңыз.


Суқұйғыш

Наурыз айы сіздің өміріңізге тұрақтылық алып келеді. Бір нәрсені өзгертем деп тырыспаңыз. Өмір сіз үшін бәрін жасайды. Тағдырға сеніп, өмір-өзен ағысымен бойлап көріңіз.

Айдың бастапқы күндерінде көңіл-күйіңіз керемет болып, бойыңыз жағымды энергияға толып жүресіз. Ешқандай жағымсыздық бұл көңіл ауанын бұза алмайды.

Наурыздың орта шенінде көңіліңізге теріс ойлар кіруі мүмкін. Атқарған ісіңізде сападан көрі санға көбірек көңіл бөлетін әдет пайда болады. Кейін өкініп, бармақ тістеп қалмау үшін жақсылап ойланыңыз.

Ай соңына қарай жақыным деп санаған бір кісінің тарапынан жаман қылық көресіз. Болжамшылар жүрекке жақын алмауға, ештеңеге қарамастан көңіліңізді түсірмеуге кеңес береді. Өміріңізден кетуі керек болғанын түсініп, бұл тағдырдың жасап жатқан айналаны тазартуы деп қабылдаңыз.


Балықтар

Наурызда күнделікті өміріне түбегейлі өзгеріс енгізетіндердің бірі – Балықтар. Белгі иелері тап бір ұйқыдан оянғандай не өмірге жаңадан келгендей күй кешеді. Өзгеріс өмірінің барлық саласына оң әсер етеді. Осыны пайдаланып, көптен көксеген арман-мақсаттарыңызды жүзеге асыруға талпыныңыз.

Ай басында міндетті шаруаларды қоя тұрып, жан қалауын қанағаттандырыңыз. Бұл ішкі әлеміңізде үйлесім орнауына, жағымды энергияға кенелуге сеп болады. Күніңізді тығыз жоспарламаңыз, бос уақыт азайған сайын денсаулығыңызға кері әсері көп болмақ.

Айдың екінші, үшінші апталарын, мереке және демалыс күндерін жақындарыңыздың жанында, жайлы жағдайда өткізген дұрыс. Отбасыңыздың қолдау мен махаббатының арқасында ішкі тыныштығыңызды табасыз. Екінші тыныс ашылып, жаңа қарқын пайда болуы да ықтимал.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫНЫҢ арасын НУМЕРОЛОГИЯ арқылы ЖАҚСАРТУға бола ма?