Жұлдызнама бойынша: ОЛ қандай КИНО көргенді ұнатады?

0
1 804


Жұлдызнама бойынша: ОЛ қандай КИНО көргенді ұнатады?

Карантин әлі де жалғасуда. Ал кинотеатрлардың ашылуы жайлы сөз қозғауға тіптен ерте. Бұл әсіресе киномандарға ауыр тиюде. Бірақ, мұның жақсы жағы да бар. Бір жанұя бас қосып, көгілдір экран алдына жайғасып, бірге фильм тамашалаудың өзі бір ғанибет. Сіздерде сол ғанибетті сезінуге мүмкіндік бар. Тек, жақындарыңыздан кімнің қандай киноны ұнатып көретінін біліп алып, бір-біріңіздің талғамыңызды ескерсеңіз болғаны.


Тоқты

Табиғатынан қызуқанды белгі иелері оқиға желісі жеңіл, алайда құштарлық пен динамикаға толы романтикалық комедия көргенді ұнатады. Бұл ғана емес, талғаммен таңдалған боевик, тіпті қорқынышты киноны да көруден бас тартпайды. Тек, негізгі оқиғамен қоса жүрек қылын шертетін махаббат хикаясы шебер өрілсе, көңілінен шығатыны сөзсіз.


Торпақ

Әдетте үйдегі жайлылықты жоғары бағалайтын Торпақтар кино көргенде де жанға тыныштық сыйлағанын қалайды. Сондықтан таңдауы көбіне нәзіктікке, сыйластыққа, сезімге толы, хэппи-энд болып бітетін фильмдерге түседі. Әсіресе, классикаға айналған ескі де есті фильмдерді қайталап көруден жалықпайды.


Егіздер

Өмірді барынша жеңілдетуге тырысып жүретін Егіздер фильм қарағанда да қиын тағдыр, ауыр сюжет, терең мағына дегендерді жаны сүймейді. Оқиғасы да, айтар ойы да жеңіл комедияларды көп қарайды.


Шаян

Әдетте эмоцияға аса беріле бермейтін белгі иелері тым құрығанда фильм қарағанда эмоция ағынын сезінсем дейді. Сол мақсатта көбіне эмоцияға, сезімге толы драма, мелодрамаларды таңдайды. Кейде ойын мүлде басқа арнаға бұрғысы келсе, фантастикалық жанр тамашалаудан да бас тартпайды.


Арыстан

Өмірде өзін патша не ханшадай сезініп жүретін Арыстандардың фильмге келгенде таңдауы көбіне ертегі және фантастика жанрларына түседі. Мултьфильм тамашалап мәз болып отырғанын көрсеңіз де таң қалмаңыз.


Бикеш

Бикештердің қашан да тиімділік пен ұтымдылықты алдыңғы орынға қоятыны белгілі. Сондықтан, оқиғасы ойдан құрастырылған киноларға уақыт жоғалтуды құптамайды. Олар үшін шынайы өмірден алынған, құнды ақпаратқа толы деректі фильмдер мен танымдық-тағылымдық бағдарламалардан артығы жоқ.


Таразы

Екі сағатта аяқталып, артынан ұмытылып кететін фильмдер көргенді ұнатпайды. Оның орнына көп сериялы, тіпті, бірнеше сезоннан тұратын, шытырман оқиғалы сериалдарды таңды таңға ұрып тамашалауға бар.


Сарышаян

Негізінен тамашалайтыны – драма. Алайда, соңғы түйінін көрерменнің өзі шығаруына мүмкіндік беретін ашық аяқтамалы фильмдерді қай жанрда болса да көруге дайын. Бастысы, фильм терең мағыналы, ой салатын және қиялына ерік беріп әрі қарай жалғастырып кетуге мүмкіндік берсе болғаны.


Мерген

Белгі иелері бір жанрға байланып қалмайды. Олардың киноға келгендегі талғамының аясы кең. Бірде мелодрама көріп жылап отырса, енді бірде фэнтези қарап қиялданып жүреді. Боевик көріп батылданып, сезондық сериал тұңғиығына батып кететін тұстары да бар. Бәрі көңіл-күйіне байланысты.


Тауешкі

Бос іске текке уақыт кетіргенді ұнатпайтын белгі иелері фильм қарауда да тек байыпты ойы, терең мағынасы барын іздейді. Қандай да бір фильмді қоспас бұрын көрермендер пікірін оқып танысып шығады. Қарау-қарамау жайлы шешімді соған сүйеніп шығарады.


Суқұйғыш

Таңдауы көбіне тарихи фильм және дөрекі юмор жанрларына түседі. Сондай-ақ, бұрын оқып қойған көркем әдеби шығарма желісі бойынша түсірілген фильмдерді мүлде қарамайды.


Балықтар

Белгі иелерінің сезімге берілгіш, жан-жүрегі нәзік екенін білеміз. Соған сәйкес, ғашықтық оқиғасы желісіне құрылған мелодрама, мюзикл тамашалауды ұнататыны айтпаса да түсінікті.

Аударған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Әйелдің асүйдегі шеберлігін жұлдызына қарап білуге болады