Әнші жігіт сүйіктісін шайтаннан құтқарамын деп тамағына сарымсақ тығындап өлтіріп алды

0
2 552

Қыздың қасында тағы екі құрбысы болған. Олар пәтерде есірткі шегеді. Кейіннен түрлі елестерді көріп, сандырақтай бастайды. Олар өздерін шайтан арбап алды деп ойлаған.


Әнші жігіт сүйіктісін шайтаннан құтқарамын деп тамағына сарымсақ тығындап өлтіріп алды

Оқиғаның Вьетнам мемлекетінде болғанын хабарлайды stan.kz.

Нгуен Виет Куонг есімді қырық жастағы әнші жиырма жастағы сүйіктісімен пәтер жалдайды.

Қыздың қасында тағы екі құрбысы болған. Олар пәтерде есірткі шегеді. Кейіннен түрлі елестерді көріп, сандырақтай бастайды. Олар өздерін шайтан арбап алды деп ойлаған. Әнші құрбысын шайтаннан аластамақ болып, тамағына сарымсақты тығындап өлтіріп алған.

Қыздың мәйітін тексергенде, денесінен 23 сарымсақ тіні табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.