Ресей әлемде омикронның таралуына байланысты бірқатар елдермен байланысты шектеп, әуежайларда бақылауды күшейткен.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйновичтың пайымынша, Ресейде індет қайта өршуі мүмкін, деп жазады 24.kz.
Жағдайдың біршама тұрақталғанына қарамастан тоқмейілсуге болмайды. Айта кетейік, Ресей әлемде омикронның таралуына байланысты бірқатар елдермен байланысты шектеп, әуежайларда бақылауды күшейткен.
Ал АҚШ-тың Нью-Йорк штатында індет қайта өршіп, коронавирусты жұқтырғандар артты. Соңғы мәліметке қарағанда бір күнде аймақта 23 мыңнан аса адам вирус жұқтырған. Билік алдағы уақытта бұл көрсеткіш бұдан да үшығуы мүмкін деп отыр. Вирусты жұқтырғандар қатарының артуына байланысты Нью-Йорк қаласындағы ПТР-тест тапсыратын орталықтардың алдында ұзын-сонар кезек пайда болған. Дегенмен билік вакциналауды күшейту арқылы індеттің таралуын тоқтатуға қол жеткізуге болады дейді.
"Коронавирустың омикрон түріне байланысты алдағы бірнеше аптада жағдай ушығуы мүмкін. Штам жұқпалы болғанымен оған шалдыққандардың ауруы жеңіл өтіп жатқаны көңілге медеу. Бірақ біз оның тез таралатынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан бұл дертпен күресте жылдам қимылдап, вакциналауды күшейту маңызды", - дейді Билл Де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі.