Ресейде омикрон штаммының алғашқы екі жағдайы анықталды

0
1 378

​Роспотребнадзор Оңтүстік Африкадан оралған азаматтардан омикрон инфекциясының екі жағдайын растады.


Ресейде омикрон штаммының алғашқы екі жағдайы анықталды

ERNUR.KZ. Эпидемиология орталық ғылыми-зерттеу институты жүргізген толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде тәулік ішінде алғашқы оң ПТР тесті бар екі науқастан омикрон штаммы расталды, деп жазады Zakon.kz.

Оңтүстік Африкадан келген он адамның барлығынан COVID-19 вирусы табылған. Ал штаммдары әлі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, осы жылдың қараша айының соңына қарай коронавирустың жаңа түрі Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылды. Оның s ақуызында ондаған мутация бары нақтыланды. Бұл жасушалар ауруды қоздыруға жеткілікті. Зерттеушілер SARS-CoV-2 геномында көптеген жаңа өзгерістер барын және науқастар мен вакцинацияланғандардың қорғаныс антиденелеріне төзімділігін айтуда. Алайда қорытынды жасауға әлі ерте. Болжам бойынша, жаңа штамм СПИД немесе АИТВ-мен ауыратын, иммунитеті әлсіреген науқас ағзасында пайда болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамына грек алфавитінің 15-ші әрпі бойынша "омикрон" атауын берілген. Омикронды ауырып тұрғандар мен вакцинацияланған адамдар да жұқтыруы мүмкін кенін айтылады. Алғашқы белгілері шаршау, бас ауруы мен дененің ауырсынуы.