Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қарашаның аяғында өткен шұғыл жиналыстан кейін Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың жаңа нұсқасын "алаңдаушылық тудыратын" санатқа жатқызды.
ERNUR.KZ. Ресейлік "Спутник V" вакцинасының "омикрон" штамына қарсы тиімділігі 10 күн ішінде тексеріледі. Бұл туралы Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Менің ойымша, тиімділікті тексеру үшін 10 күн жеткілікті", - деді Гунцбург.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қарашаның аяғында өткен шұғыл жиналыстан кейін Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың жаңа нұсқасын "алаңдаушылық тудыратын" санатқа жатқызды. ДДСҰ жаңа B.1.1.529 штамын гректің "омикрон" әрпімен атады.
Бұған дейін қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда "омикрон" штаммы қашан пайда болады деген сұраққа жауап берген болатын.