Алматыда үш баласымен 9-қабаттан секірген әйелге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

0
779

​Аталған жағдайдан кейін Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.


Алматыда үш баласымен 9-қабаттан секірген әйелге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

ERNUR.KZ. Алматыда әйелдің үш баласымен бірге терезеден секіргеніне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп жазады sputnik.kz.

2021 жылдың қарашасында "Жетісу" шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кеткен.
Келіншек пен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.
Аталған жағдайдан кейін Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алайда қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Бұл Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.
"Аталған факті Әуезов ауданы полиция басқармасында қылмыстық кодекстің 105-бабы ("өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тіркелді. Кешенді тергеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деді Салтанат Әзірбек.
Айта кетері, қайғылы жағдайдан кейін марқұм әйелдің соңғы хаты табылды. Хатта сынаққа төтеп бере алмай, өмірден шаршағанын жазған.
Ол ешкімді кінәламайтынын, бірақ бұл жағдайға кінәлі адамдар өздері хабардар екенін айтып, кешірім сұраған.
Қайғылы жағдай болған кезде 30 жастағы күйеуі үйінде болмаған. Ал әйелдің туыстары төрт адамның өліміне марқұмның күйеуін кінәлады.