Үш баласымен секіріп өлген әйел: Полиция түсініктеме берді

0
1 374

​Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов әйел 9-шы қабаттан 3 баласымен секірген жерге келді.


Үш баласымен секіріп өлген әйел: Полиция түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Жетісу-1 ықшамауданында болған еді, деп жазады exk.kz.

"Отбасы мамыр айынан бастап үй жалдап тұрған. 2014 жылы үйленген жақсы отбасы. Ерлі-зайыптылар бұрын сотталмаған", - дейді Рустам Әбдірахманов.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдай орын алған пәтер есігі мөрленген. Құзырлы органның пәтер ішіне кіру үшін, сыртқы есіктің майысқан тұсына қарап күштеп ашқанын аңғаруға болады.

Қаза болған келіншектің неліктен балаларымен 9-шы қабаттан секіргені әзірге белгісіз. Нақты мәлімет толық тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады деп отыр полицейлер.