Алматыдағы қайғылы оқиға: Алдымен балаларын лақтырды, артынан анасы секірді

0
1 022

бүгін «Жетісу» шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен жас әйел үш баласымен бірге секіріп кетті.


Алматыдағы қайғылы оқиға: Алдымен балаларын лақтырды, артынан анасы секірді

ERNUR.KZ. Куәгерлердің айтуынша, жас ана алдымен балаларды терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Көршілерінің сөзінше, жас келіншек осы үйде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрған.

«Ол үнемі балалармен аулада серуендеп жүретін. Оның екі қызы мен бір ұлы болды. Кенжесі үш жаста еді. Қарапайым отбасы сияқты көрінетін», - дейді қайғылы оқиға болған үйдің тұрғыны.

«Бүгін таңертең болған оқиға өте қорқынышты. Алдымен анасы балаларын терезеден лақтырып жіберіп, артынша өзі секірді. Бәрі жерде жатты. Балаларға обал болды. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамыз», - деді оқиға куәгері.

Еске салайық, бүгін «Жетісу» шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен жас әйел үш баласымен бірге секіріп кетті.

28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.