​Қызылордада полиция департаменті бастығының орынбасары пара алу кезінде ұсталды

0
1 693

Жеке қауіпсіздік департаментімен бірлесе жүргізілген іс-шаралар барысында Г. Төлебаев 300 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталды.


​Қызылордада полиция департаменті бастығының орынбасары пара алу кезінде ұсталды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Г. Төлебаев пен ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Б. Асқаровтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп жазады ҚазАқпарат .

Олар жеке кәсіпкерді қорқытып, букмекерлік клуб тексерісін тоқтатқаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған. 2019 жылғы 5 сәуірде ҚР ІІМ Жеке қауіпсіздік департаментімен бірлесе жүргізілген іс-шаралар барысында Г. Төлебаев 300 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталды. Сонымен бір мезгілде Қарағанды қаласында Б. Асқаров қолға түсті.

Г. Төлебаев Қызылорда қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.