Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барады

0
767

Президент өңірдегі бірқатар нысанды аралайды.


Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент өңірдегі бірқатар нысанды аралайды. Арасында арнайы экономикалық аймақта орналасқан ірі зауыттар бар. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына тұрғызылған емхана жұмысымен де танысуды жоспарлап отыр. Биыл өңірде ірі көтерме-тарату орталығының құрылысы аяқталды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан жоба бағаны тұрақтандыруға септігін тигізбек. Енді өзге өңірлерден сапалы азық-түлік өнімдері осы қоймаларға жеткізіледі. Ондағы тауарлар нарықтан 30 процентке арзан бағада сатылады. Президент жұмыс сапары кезінде осы орталыққа да барады деп күтілуде. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен алқалы жиын өтеді. Отырыста индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында осы күнге дейін қандай жұмыстар атқарылғаны сөз болмақ.