"Математиктер ән айтпайды деп кім айтты?" - дейді әнші.
Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова ұлымен бірге барып атақты математик Асқар Жұмаділдаевпен кездесіп, батасын алды. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Сондай-ақ әнші аңыз адаммен бірге Шәмші Қалдыаяқовтың "Арыс жағасында" әнін шарқаған видеосын жүктеп, "Кім айтты, әнді тек сахнадағы әншілер айтады деп ..!?) Математик та керемет шырқап береді әнді. Басқа мамандықты таңдаған , бірақ жүрегі әнге толы жандар қаншама. Ал, Сіз қай салада жүрген әншісіз?" деп жазды.
Мұны көрген желі қолданушылары олардың дуэттеріне тәнті болып, жылы лебіздерін аямай жазуда. Олардың көпшілігі ғалымдардың қадірін біліп, санын арттыруымыз керек екенін жазған.