Мақсат – мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында жемқорлық фактілеріне жол бермеу

0
54

​СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ


Мақсат – мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында жемқорлық фактілеріне жол бермеу

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысына қатысып, басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесін баяндады.

Бүгінде басқарма мен оған қарасты мекемелерге жемқорлыққа қарсы құқықтық сабақтар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жылдық жоспар бекітілген.
Жоспарға сәйкес, барлық қызметкерге құқықтық сабақтар өткізіліп, құқықбұзушылық жасалған жағдайда орындалатын жауапкершілік жөніндегі ескерту парақшаларымен таныстырылған. Мұндай жиын ай сайын өткізіліп тұрады.
Басқарма мен оған бағынысты орталықтардың алдындағы билбордтарға Антикордың сенім телефон телефон нөмірлерін көрсетіп, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарына арналған пошта жәшіктері оңтайлы жерге орнатылған.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқарманың мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерінің қызметтік компюьтерлерге, орталықтардың әр есігіне «Антикор-1424» ескертпелері жабыстырылған.
Одан бөлек, ай сайын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен басқармада семинар-сабақ ұйымдастырылып, жемқорлықтың көріністерін болдырмау үшін профилактикалық бейнероликтер көрсетіліп отырады.
Қыркүйектің екінші онкүндігінде басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды іс-шара өткізу жоспарланған. Мақсат – мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында жемқорлық фактілеріне жол бермеу.
Бөлісу