Шымкент қаласында көлік кептелісін азайту мақсатында жол таңбалары жаңартылып, бағдаршам, жол белгілері мен оң жақ өткелдер салынуда.
Жібек жолы-Сайрам көшелері мен Ибрагим ата-Сареми көшелерінің қиылысына оң жақ өткелдер ұйымдастырылуда. Бұл шаралар осы аумақта кептелісті азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылы мен Көшеров көшесіне кері бұрылыс ұйымдастырылып, Бәйдібек би - Абылай аралығын қосу жұмыстары жүргізілді.
Онымен қоса Бәйдібек би даңғылына балама жол ретінде Тұран және Тұран-2 шағын аудандарынан қала орталығына тікелей қатынайтын Таңбалытас көшесіне асфальт төселіп, жол таңбалары сызылды.