Шомылуға тыйым салынған орындар тізімі
Шымкент қаласы аумағында су айдындарында 5 ресми орын белгіленген (Қаулы 13.05.2021ж. №289) оның үшеуіне шомылуға рұқсат етілген.
Олар, «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындары мен Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар, екеуі спорт және туризмге арналған Дендрологиялық саябақ пен Жайлау көл.
Сонымен қатар, шомылуға тыйым салынған 13 орын айқындалып, 25-тен астам ескерту белгілері орнатылған.
Шомылуға тыйым салынған орындар:
Бадам өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары, Сайрам-су өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары, Текесу су қоймасы, Ақжар су қоймасы, Шымкент магистралды каналдың қала аумағында орналасқан барлық арналары, Янги-шек каналының қала аумағында орналасқан барлық арналары, Қарасу өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары, Өзеннің бастауын қоспағанда Қошқар ата өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары, Қайнарбұлақ жасанды көлі, Азат каналы, Көкбұлақ каналы, Хауау каналы, Сасық каналы.
Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тарпынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412 бабына (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) сәйкес хаттама толтырылып 7 АЕК шара қолданылады.
Шымкент қаласы ТЖД ұйымдастыруымен ағымдағы жылы 03 шілдеде Еңбекші ауданында орналасқан “Рахат-Бадам” демалыс орнында судағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді. Жалпы іс шараға: ТЖД жеке құрамы, полиция қызметкерлері және ерікті жастары жұмылдырылды.
Нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау туралы туралы ӘҚБтК-тің 412 бабына сәйкес (су ортасында адамдарды құтқару жилетінсіз суға шомылдырғаны үшін және шомылу аймағынан тыс жерде суға түскендігі үшін) 2 тұлғаға (Жәміл Т.С. 1996 ж.т. және Бескровный К.П. 2007 ж.т) 25 844 теңге айыппұл салынды.