Бұл туралы Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седовтың денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.
ПД мәліметінше, 35 жастағы зілтеміршінің денесі Қаратал ауданы Достық ауылында тұрғылықты жерінен табылған.
"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Жақындарының сөздеріне қарағанда, ер адам өзіне қол жұмсаған. Бүгінгі таңда өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс аудандық полиция басшылығының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Владимир Седов – еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Ол 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадаға қатысқан.