Қазақстандық дзюдошы Моңғолияда өткен сайыстың қола жүлдегері атанды

0
442

Қазақстан құрамасы бұл сайыста тек бір қола медаль иеленді.


Қазақстандық дзюдошы Моңғолияда өткен сайыстың қола жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия) өткен Grand Slam сериясында дзюдошы Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды, деп жазады stan.kz.

Қазақстан құрамасы бұл сайыста тек бір қола медаль иеленді. Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен.

Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында Нұрқанат Серікбаев үшінші орын үшін күресіп, Харим Лиденнен (Оңтүстік Корея) жеңіліп қалған еді.

Сонымен қатар 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева, 100+ келі салмақта Әділ Оразбаев жартылай финалда жеңіліп қалды.