ТҮРКІСТАН: Сайрамдағы теміржол көпірі кеңейтіледі

0
174

Жалпы 248 нысан немесе 1061,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер қамтылды деп көзделуде.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдағы теміржол көпірі кеңейтіледі

Сайрам ауданындағы жерүсті теміржол өткелін қайта құрудан өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар «Шымкент-Ақсу» бағытындағы автомобиль жолдың 14 шақырымындағы жерүсті теміржол өткелін қайта құрудан өткізу жоспарланып отыр.


Бүгінгі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жобалаушы мекеме «Sunkar Building-A» ЖШС тарапынан жер үсті теміржол өткелін қайта құруға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.


Айта кетейік, биыл Түркістан облысында автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 248 нысан немесе 1061,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер қамтылды деп көзделуде.

Бөлісу