ERNUR.KZ. Германияда өтетін G7 елдері саммитінде Ресей алтынын сатып алуға шектеу енгізбек. Бұл туралы Британия үкіметі басшысының кеңсесі таратқан хабарламада айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.
«Ресей алтынын сатып алуға Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Жапония тыйым салады. Бұл туралы бүгін G7 елдері саммитінде жарияланады», - делінген хабарламада.