Әйелдің аяғы бірнеше жерден сынды.
ERNUR.KZ. Қазан қаласында ер адам экзотикалық өрнегі бар пижама киген жұбайын жыланмен шатастырып, темір шыбықпен ұрған, деп жазады Sputnik.kz.
Әйел ауруханаға түсті.
"Аругменты и Факты - Казань" ақпаратынша, әйел жыланның суреті бар пижамамен ұйқыға жатқан. Аяғын көрпе астынан шығарып қойған. Сол сәтте қасындағы күйеуі оны жылан деп ойлап, темір шыбықпен бар күшімен ұрып-соққан.
Әйелдің аяғы бірнеше жерден сынды. Қазір ол ауруханада жатыр.