Абай облысындағы 14 қызметкердің өлімі: сотқа дейінгі тергеу басталды

0
800

Өрт сөндіру орнында табылған тағы тоғыз адамның жеке басы анықталып жатыр.


Абай облысындағы 14 қызметкердің өлімі: сотқа дейінгі тергеу басталды

ERNUR.KZ. Экология министрлігі Абай облысында орман шаруашылығының 14 қызметкерінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта өртті сөндіруге қатысқан бес жұмысшының кім екені анықталды:

  • Серікжан Тоқтасын, 27 жаста;
  • Александр Сидорин, 39 жаста;
  • Саят Нұржігітов, 51 жаста;
  • Алексей Губаев, 30 жаста;
  • Амангелді Дүйсембаев, 59 жаста.

Өрт сөндіру орнында табылған тағы тоғыз адамның жеке басы анықталып жатыр.

Бұған дейін орман шаруашылығының 14 қызметкерінің қаза тапқаны белгілі болған еді. Экология министрлігі қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.