Абай облысындағы өрттің Жетісуға жетуіне байланысты төтеншеліктер тұрғындарға ескерту жасады

0
704

Тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берілді.


Абай облысындағы өрттің Жетісуға жетуіне байланысты төтеншеліктер тұрғындарға ескерту жасады

ERNUR.KZ. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті орман өрті салдарынан жел бағытының өзгеріп, өңірді түтін басуына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюлеріңізді сұраймыз. Тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес береміз», - деп жазылған хабарламада.

Семей орманындағы өртке байланысты бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.