Министрлік мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға тартылған күштер мен құралдар 4 учаскеде өртті сөндіріп жатыр.
ERNUR.KZ. ТЖМ Абай облысындағы өрт туралы кейінгі деректерді жариялады, - деп жазады Tengrinews.kz.
Министрлік мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға тартылған күштер мен құралдар 4 учаскеде өртті сөндіріп жатыр.
"Бүгін таңғы сағат 6.00-дан бері барлығы 214 рет көлемі 600 тонна су шашылды. Өрт басталғалы бері барлығы 2100-ге жуық рет көлемі 6 000 тоннадан аса су шашылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 188 қоңырау түскен.
Айта кетейік, ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.