Алматыда ереуілге шыққандар кафе мен асханаларға шабуылдап жатыр

0
551

Зардап шеккен нысан қызметкерлері олардың Алматы облысының тұрғындары екенін айтады.


Алматыда ереуілге шыққандар кафе мен асханаларға шабуылдап жатыр

ERNUR.KZ. Шеруге шыққандар халық тамақтанатын орындардан өздеріне ас-су беруді талап еткен, деп жазады Экспресс К.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнестері зардап шеккен кәсіпкерлер Атамекен ұлттық палатасына көмек сұрап, шағым түсіріп жатыр. Ал кәсіпкерлер палатасы келтірілген шығынды фото-видеоға түсіріп, арыз жазуға кеңес беруде.

Zakonkz Telegram арнасының жазуынша, Сейфуллин көшесімен шерулетіп өткендер көше бойындағы асханалар мен тамақтанатын орындарға басып кіріп, өздеріне ас-су беруді талап еткен. Зардап шеккен нысан қызметкерлері олардың Алматы облысының тұрғындары екенін айтады.
Ал ҰКП зиян тартқан бизнес өкілдеріне жедел желі ашқандарын хабарлап отыр.