Бұған дейін әкімдік ғимаратының алдына үш мыңға жуық ер адам жиналғаны хабарланған еді.
ERNUR.KZ. Алматыда наразылыққа шыққандар әкімдікке басып кірді, деп жазады sputnik.kz.
Ғимарат ішінде полиция болған, жарық-шу гранаттарын қолданған.
Наразылық білдірушілердің қолында да жарық-шу гранаттары, таяқ пен қалқан болған.
Жұрттың бір бөлігі бұл кезде президенттің ескі резиденциясына басып кіруге тырысып жатыр.