Алматыда қақтығыстар кезінде супермаркеттер тоналды

0
605

Қазіргі уақытта қандай азық-түлік түрлері тоналғаны белгісіз.


Алматыда қақтығыстар кезінде супермаркеттер тоналды

ERNUR.KZ. Алматыда дүкендерді тонау фактісі анықталды, деп жазады Stan.kz.

Magnum желісінің қоғаммен байланыс маманы Дмитрий Шишкин Stan.kz тілшісіне бірнеше желіге қарайтын бірнеше дүкенге шабуыл жасағанын растады. Оның сөзінше, белгісіз адамдар тобы дүкенге баса кіріп, азық-түлікті тонаған. Қазіргі уақытта олардың қандай тауарлар екені анықталады.

“Бүгін түскі 13:00 шамасында екі супермаркет: Төле би көшесіндегі, бірі Шарипов көшесіндегі дүкендер тоналды. Бізде күзет қызметкерлері бар, бірақ бір топ адамға олар қарсы тұра алмайтыны белгілі ғой”, – дейді ол.

Айтуынша, қазіргі уақытта қандай азық-түлік түрлері тоналғаны белгісіз.

“Алдағы уақытта ревизия болады, тексеріс жүргізіледі. Қызметкерлердің көбі жұмысқа шыға алмаған соң бірқатар дүкендер мен ірі орталықтар жабық тұр. Кішкентай, үй маңындағы дүкендердің жұмыс істеп тұру үшін бәрін жасап жатырмыз. Ірі дүкендерді ашу жоспарда жоқ”, – дейді Шишкин.

Magnum желісі қаладағы және облыстағы дүкендердің көбі жұмыс істеу үшін тырысады. Себебі адамдар кез келген тауарды сатып алуға мүмкіндігі болу керек, дейді желі өкілі.