Петропавл қаласында 50-ге жуық адам қала әкімдігі алдында жиналған. Олар ешқандай талап қоймаған.
ERNUR.KZ. Алматы қаласынан кейін наразы топ Петропавл мен Қостанайда әкімдік алдында жиналды, деп жазады Stan.kz.
Петропавл қаласында 50-ге жуық адам қала әкімдігі алдында жиналған. Олар ешқандай талап қоймаған. Алайда полицейлер барлығын тұтқындап әкетті.
Сонымен қатар қаладағы ең үлкен Конституция көшесінде де жиналған адамдар байқалған. Қазір патрульдік полиция кезекшілік етуде.
Қостанай қаласында наразы топ пен құқық қорғау органының қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. Тұрғындар қоршауды бұзып өтпек болған.
Павлодарда әкімдік алаңында наразы топ жиналды. Әзірге қандай талап қойғаны белгісіз. Әкімдік ғимаратын полицейлер күзетуде.