Жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынған.
«2020 жылғы 1 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақап аты – «Серик-голова») жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. С. Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық ортаның 6 өкілі ұсталды. Олар Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген таратылған ақпаратта.
Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынған.
«ҚР ҰҚК мен ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деді ҰҚК-ден.