ERNUR.KZ. Алматыдағы Esentai Mall сауда-сауық орталығында көпшіліктің көзінше сүйісіп отырған екі бойжеткен жұрттың ашуын келтірді. Бұл сәтте әлдекім тұрғын видеоға түсіріп, олардың ардан безгенін, бұл жерде балалардың да отырғанын алға тартып шағым айтқан.
ERNUR.KZ. Алматыдағы Esentai Mall сауда-сауық орталығында көпшіліктің көзінше сүйісіп отырған екі бойжеткен жұрттың ашуын келтірді. Бұл сәтте әлдекім тұрғын видеоға түсіріп, олардың ардан безгенін, бұл жерде балалардың да отырғанын алға тартып шағым айтқан. Алайда бойжеткендердің бірі бұл әрекеті ұялған кейіп танытып, басын төмен қаратса, екіншісі наразылық танытқан ер кісіге ортаншы саусағын көрсетіп отыра берген. Бұл видео ғаламторда тарап кетті. Видеоны инстаграм желісіне @beine.kz атауымен тіркелген қолданушы таратты.
«Сұмдық сорақы сорлылар. Алматы Есентай кинотеатр» деп жазды автор. Мұны көрген желідегір екі бойжеткенді жерден алып, жерге салды.
«Оңбағандар. Түрлерің қандай жиіркенішті еді», «Бір шара қолданбаса болмайды. Кейін кеш боп қалмасын», «Құдайым-ау, Алла өзің сақтай гөр. Осындай да болады екен-ау. Неткен жиіркенішті», «Жақсылап тұрып заң шығару керек. Жоғарыдағылар не қарап отыр?», «Алла сақтасын мынау сұмдық қой, тексіздер», «Қазақтың қыздарының атына кір келтірген немелер", «Алла тағала сана сезім бере гөр екеуіне де. Ата-анасы сондай болыңдар деген жоқ шығар. Не боп барады? Сұмдық қой, әп-әдемі қыздар», «Не болған адамдарға?» деп ашуға булықты желі қолданушылары. Айта кетерлігі, видеода сүйісіп отырғандардың екеуі де нақты бойжеткен екені белгісіз. Сыртқы бейнесі қыз баласына ұқсағанымен олардың бірі ер жігіт болуы да мүмкін.
Видео: желіден алынды