ERNUR.KZ. Бір қап ұнның өзін әрең көтеріп, ұятқа қалып жүрген жігіттерге арналған видео. Желіде егде жастағы әйел азаматының білегімен сүйекті сындырған сәтінің видеосы пайда болды.
ERNUR.KZ. Бір қап ұнның өзін әрең көтеріп, ұятқа қалып жүрген жігіттерге арналған видео. Желіде егде жастағы әйел азаматының білегімен сүйекті сындырған сәтінің видеосы пайда болды. Онда әжей «ерлігімді қартайғанда көрсетейін деп отырмын» дейді де, үстел үстінде тұрған сүйекті білегінің соққысымен екіге бөліп тастайды. Бірнеше секундтық видео желіде әп-сәтте тарап кетті. Оны көргендер әжейдің күшіне таң қалысып, әйел азаматын батыр анаға теңеді.
«Батырларды дүниеге алып келетін алтын құрсақ аналар бұлар. Аман болсын, келіндерге жұғысты болсын», «Жүректі анамыз екен, аналарымыз аман болсын», «Керемет, батырлар осындай анадан туған», «Керемет! Сөз жоқ! Мықты!», «Мықты апай. Қайратыңыз сарқылмасын», «Апа керемет. Қазір біздей жас келіншектерге сіздей күш-қуат берсін» деп таңданысын жасырмаса, кейбірі әжейдің мұнысын мүмкін емеске балады. Алайда пікір қалдырушылар арасында әжейдің расымен де білегі мықты екенін алға тартып, бұған дейін әйел азаматының жылқы сүйегін білегімен сындырғанын алға тартты. Ал енді бір желі қолданушылары әжеймен шаңырақ құрған қарияның мықтылығын айтып, қалжыңдады.
Видео: желіден алынды