"Ставка қанша?" Ақша тігіп, карта ойнаған оралдық әжелер жұртты таң қалдырды (видео)

0
4 938

​ Бұл жолы оралдық тұрғындар өзіндік ерекшелігімен жұрттың аузына ілікті. Әлеуметтік желіде тараған видео көпшілікті таң қалдырмай қоймады.


Ер азаматтар мен егде жастағы қариялардың іші пысса, карта ойнайтын әдеті барын көпшілік біледі. Бұл әсіресе ауылды аймақтарда кеңінен таралған.

Бұл жолы оралдық тұрғындар өзіндік ерекшелігімен жұрттың аузына ілікті. Әлеуметтік желіде тараған видео көпшілікті таң қалдырмай қоймады. Онда жиынға келген қариялар мен әжелер топ-топ болып отырып, бірі карта ойнаса, енді бірі шүйіркелесіп әңгіме айтып отыр. Бір қызығы, картаны қызығына кіргендер қариялар емес, әжелер болып шықты. Бұл көріністі Оралға қонаққа барған ер жігіт видеоға түсіріп алған.

«Оралдамыз. Әр елдің салты басқа. Міне, мына жерде үлкен кісілер әңгіме айтып, өздері шүйіркелесіп отыр. Көрдіңіздер, иә. Ал әжелер карта ойнап отыр. Біздің ауыл жақта бәрі керісінше болатын. Аталар карта ойнайды да, әжелер әңгіме айтатын. Ал бұл жақта аталар әңгіме айтып отыр, әжелер карта ойнап отыр. Ақшасына кәдімгідей. Орал таң қалдырумен жалықпайсың»,-дейді видео авторы. Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланып, ел қызу талқылап жатыр.

«Оралдағы әжелереміз сондай енді», «Негізі әжелер лотерея ойнайтын. Бұл қай ауданы болды екен?», «Бұрындары әжелереміз карта емес, ұршық иіріп отыратын. Мынау енді ұят қой», «Ақ жаулықты әжелеріміздің тірлігі мынау болса, жастары тіптен бұзылған шығар» деген пікірлерін жаудырған желі қолданушыларының арасында видеоны түсірген жігіттің бұл көріністі алдын ала сценарий бойынша түсіргенін алға тартып, карта ойнаған әжелердің ол әрекетіне күмәнмен қарады.

«Өтірік айтып жатырсың-ау, «Ата-әжелер, орындарыңды бір минутқа ауыстырыңыздаршы. Мен видеоға түсіріп алайын» деген секілдісің ғой» деп жазды желі қолданушысы. Алайда тағы бір пікір қалдырушы «Орал жақта карта ойнамайтын әйел жоқ шығар» деп күмән келтірген адамға жауап қайтарды.

Видео: желіден алынды