​Қазақ тілі кітабындағы МС Сайлаубек туралы сұрақ елдің ашуын тудырды (видео)

0
2 951

ERNUR.KZ. Назарбаев зияткерлік мектебіне арналған оқулықта МС Сайлаубек туралы сұрақ жүр. Бұл қоғамды ашуға булықтырып, көпшіліктің наразылығын тудырды.


​Қазақ тілі кітабындағы МС Сайлаубек туралы сұрақ елдің ашуын тудырды (видео)

фото: allinfo.kz

ERNUR.KZ. Назарбаев зияткерлік мектебіне арналған оқулықта МС Сайлаубек туралы сұрақ жүр. Бұл қоғамды ашуға булықтырып, көпшіліктің наразылығын тудырды.

Оқулық ішіндегі сұраққа наразылық танытушылар кітапты видеоға түсіріп, ғаламторға таратып жіберген.

«Назарбаев мектебіне дайындалатын кітап, авторлары көрсетіліп тұр. 2018 жылғы. 75-ші бетте МС Сайлаубек туралы айтылған. Неге басқа қазақтың тұлғалары жайында айтылмайды, неге МС Сайлаубек айтылады? Ол соншалықты не еңбек сіңірді? Міне, сұрақ. Сұрағын қараңыздар. Назарбаев мектебіне арналған тест тапсырмалар жинағы» деп ашынады видео авторлары. Қазақ оқулығындағы тест сұрағы қазақстандықтардың шамына тиді. Басым көпшілігі кітап авторының жазаға тартылуын талап етіп отыр.

«Кітапты жазған авторды және кітапты басқан баспаны сотқа беру керек. Қазақ тілін мазақ қылғаны ғой», «Жазғанға тақырып қалмаған ғой шамасы», «Соншалықты төмен дәрежеде жүрміз әлі. Қарным ашады осыларға», «Қазақтарда басқа аға-апаларымыз аз ба жазатын?», «Сұмдық», «Масқара», «Енді балаларымыз «шләптімі шләп» деп жүрмесе болғаны», «Авторды барлық қатаң жазаға тарту керек» деген пікірін қарша боратқан желідегілер мұндай сорақылыққа тыйым болмайды-ау деген күмәнін де жасырмады.

«Келесі жылы «Байзақова өзін жұлдыз таныту үшін денесінің қай бөлігін көрсетті» деген сұрақ болады» деп ашынды наразы тағы бір желі қолданушысы.


Видео: желіден алынды