Қонақтарды ұршықпен жіп иіртіп жарыстырған асаба алғысқа бөленді (видео)

0
4 884

​ERNUR.KZ. Соңғы кезде қазақ тойларында қонақтарға адам қарауға ұялатын ойындар ойнатып, жұртты күлдіремін бүлдіріп алып жүрген асабалар көпшіліктің сынына жиі ұшырап жүр.


Қонақтарды ұршықпен жіп иіртіп жарыстырған асаба алғысқа бөленді (видео)

ERNUR.KZ. Соңғы кезде қазақ тойларында қонақтарға адам қарауға ұялатын ойындар ойнатып, жұртты күлдіремін бүлдіріп алып жүрген асабалар көпшіліктің сынына жиі ұшырап жүр. Ұшырамағанда қайтсін... Еркекті әйелдің бұтының ортасынан өткізіп немесе жартылай «стриптиз» билетуге құмар той басқарушылар кімнің болса да ызасын туғызары сөзсіз. Жуырда қазақ тойларында орын алған мына бір жағдай елді сүйсінтпей қоймады. Асаба келген қонақтардың көңілін көтеру үшін ойын ұйымдастырады. Ортаға әжейлер мен аналарды шақырып, ұршықпен жіп үйіртіп жарыстырады. Көрген көзге тамаша көрініс. Ішің жылып, қазақтың салтымен сабақтасқан өнердің жаңғыруы керемет әсер қалдырады. Тойдағы ойын жарысының видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Басым көпшілігі асабаның әрекетіне тәнті болуда. «Міне, нағыз рухани жаңғыру. Жарайсың, асаба», «Нағыз қазақ тойда осындай ойындар ұйымдастыру керек. Атасына рахмет асабаның», «Бәрекелді, жарайсың бауырым. Әйтпесе қазақ тойының қадірі мен мәні жоғалып барады», «Жіп иіруді жастарға үйретіп жарыстыру керек енді. Болашағымыз үшін қажет», «Керемет, үлгі алатын той», «Азаматтығыңнан айналдым асаба. Елдің ұлы бола бер. Халықтың ризашылығымен осындай мағыналы, тәрбиелі дүниелерге күш жұмсаңыздар» деген желідегілер той басқарушыға алғыстарын жаудырды.

Видео: желіден алынды