"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

0
826

Шетелдік азамат 15 жылдан бастап 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы InterContinental қонақүйінде қызын өлтірді деген күдікпен 41 жастағы Мохамед Баракат қамауға алынды, деп жазады Stan.kz.

Сот куәгерлердің «Ол сәбиді аяғынан ұстап тұрып басын керегеге ұрды» деген сөзін тыңдады. Прокурорлардың мәліметінше, София есімді сәби басы қысылып көз жұмған. Егер Баракат кінәлі деп танылса, 15 жылдан бастап 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Алайда судья Тәжімбетов әлі күнге дейін қыздың қалай өлгеніне қатысты ресми мәлімдеме жасамады. Бұған дейін сотта қыз бала ауыр жарақат алған кезде анасы Мадинаның сыртта жүргені айтылған-ды.

Ал британиялықтың адвокаты Изабуллам Авутов істі «абайсызда өлтіріп алу» бабы бойынша қарастыруды сұрады. Ол сәбидің әкесі үстіне құлап кеткендіктен өлгенін айтады. Егер істің бабы дәл осылай өзгеретін болса, Мохамед Баракат 3 жылға бас бостандығынан айырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, жаға ұстатқан жағдай қаладағы қонақ үйлердің бірінде орын алған. Әкесі бір жарым жасар қызын тепкінің астына алған. Нәресте ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмды.