Қарағандыда тұрғын үйдің кіреберісінен тастанды сәби табылды

0
2 487

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Қарағандыда тұрғын үйдің кіреберісінен тастанды сәби табылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының ПД хабарлауынша, 3 наурызға қараған түні Октябрь полиция бөліміне 15 шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде есік алдына белгісіз біреу екі айлық сәбиді тастап кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Хабар24.

Нәресте көрпеге оралған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Баланың денсаулығы жақсы екендігі және медициналық мекемеге жеткізілгені айтылған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 119-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері нәрестенің анасын іздеуде.