Тоқаев ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді», - делінген хабарламада.
Ұйымның іс-шарасы, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.