Билеттердің құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген.
ERNUR.KZ. Биыл маусым айынан бастап Қазақстан мен Ресей арасында үш мемлекетаралық пойыз қатынай бастайды, деп жазады sputnik.kz.
Пойыз бағыттары:
3 маусымнан бастап жұма және сейсенбі Қарағандыдан жөнелтілетін "Қарағанды-Омбы" бағытындағы №145/146 пойызы. Ол 4 маусымнан бастап сенбі және сәрсенбі күндері Омбыдан Қарағандыға шыға бастайды;
"Алматы-2-Қазан" бағытындағы №113/114 пойызы Алматыдан 6 маусымынан бастап дүйсенбі күндері жөнелтіледі. Ол Қазаннан Алматыға қарай 9 маусымнан бастап бейсенбі күндері жүре бастайды;
"Қарағанды-Мәскеу" №83/84 пойыздың қатынауы Самара станциясына дейін қысқарады. Ол Қарағандыдан 8 маусымнан 30 шілдеге дейін жұп күндері жүретін болады. Құрам Омбыдан Қарағандыға 10 маусым мен 30 шілде аралығында жұп күндері қатынайды.
Сонымен қатар, 1 тамыздан 31 тамызға дейін осы пойыз Қарағандыдан Самараға және Самарадан Қарағандыға тақ күндері жолға шығады. 2 қыркүйек пен 30 қазан аралығында пойыз Қарағанды мен Самарадан жұп күндері қатынайды. 1 қарашадан 9 желтоқсанға дейін - Қарағандыдан Самараға тақ күндері шығады. Самарадан Қарағандыға, 1 қарашадан 11 желтоқсанға дейін пойыз тақ күндері жүретін болады.
Билеттердің құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады.
Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге теміржол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға қарсы ПТР анықтаманың болуы міндетті. Берген күннен бастап Қазақстан шекарасын кесіп өткен сәтке дейін 72 сағаттан аспауға тиіс.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан аумағында жарамды деп танылған коронавирустық індетке қарсы екпе алуы немесе қайта вакцина қабылдауының толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы дозаны алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім).
Егер жолаушыда ПТР тестінің нәтижелері болмаса немесе вакцинация паспорты болмаса, пойызға кіре алмайды.
Теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді:
- 5 жасқа дейінгі балаларға оларды алып жүретін адамдарда осындай анықтама болған жағдайда;
- ҚР үкіметтік делегацияларының мүшелеріне;
- локомотив бригадаларының мүшелеріне, теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға;
- егер екінші компонентті алғаннан кейін Қазақстан шекарасын кесіп өту сәтінде алты айдан аспаған болса, Қазақстанда ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға құжаттық растауды ұсынған кезде;
- Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама ұсыну талап етілмейді.