Ыстамбұлдан Павлодарға ұшып келген адамдардан коронавирус анықталмады

0
726

Тест теріс нәтиже көрсеткенімен жолаушылар бақылауда болады.


Ыстамбұлдан Павлодарға ұшып келген адамдардан коронавирус анықталмады

ERNUR.KZ. Ыстамбұлдан Павлодарға арнайы рейспен келген қазақстандықтардан коронавирус анықталмады. Бұл туралы Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Кеше 4 сәуір күндізгі уақытта коронавирусқа байланысты Түркиядан эвакуацияланған қазақстандықтар ұшып келді. 102 жолаушының барлығы, оныі ішін Павлодар және көрші облыстардың тұрғындары оқшауланды. Барлығынан коронавирус инфекциясына сараптама алынды. Тест теріс нәтиже көрсетті. Яғни, ешқайсынан коронавирус анықталмады", - деп түсіндірді Біржан Досмайылов.

Досмайыловтың айтуынша, тест теріс нәтиже көрсеткенімен жолаушылар бақылауда болады.

"Барлық жолаушы 14 күн бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады", - деді Досмайылов.

Оның алдына дәрігерлер жолаушылардың үй жағдайын тексереді.