Тартысты алаңда тапқырлығымен ерекшеленген басқа да фракциялар алғыс хаттармен марапатталды.
Шымкент қаласының білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен "Өңірлік лиганың дебаттық қозғалысы жобасын іске асыру жөніндегі 2024-2025 оқу жылына арналған іс-шаралар" жоспарына сәйкес, Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында Республика күніне орай "Мен өз елімнің азаматымын!" тақырыбында 9-11 сыныптар арасында (үш лигада:қазақ, орыс,ағылшын) қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
Мақсаты «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын, “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойына құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, білім беру ұйымдарында дебаттық қозғалысты насихаттау, қолдау және дамыту болды. Турнирге 44 команда қатысып, 132 спикер өзара сынға түсті.
Ойын нәтижесі: Қазақ лигасы - І орын №1 Талант жалпы білім беру мектебі «Жарық жұлдыз»; ІІ орын №№ 87, 88 жоббм -«Шексіздік»; ІІІ орын №1 Дарын IT лицей-интернаты, №99 м/г - «Ликург»; ІІІ орын Қонаев жалпы білім беру мектебі – «Қонаев» фракциялары, “Ең үздік спикер” - №99 мектеп-гимназиясы;
Орыс лигасы - І орын Пушкин атындағы №1 м/г – «Нас не догоняет», ІІ орын №130,132 жоббм «Spice girls», ІІІ орын Титов атындағы №20 м/г «Азамат», ІІІ орын Ұлықбек атындағы №3 жоббм «АМА» фракциялары, «Ең үздік спикер»- №75 мектеп-гимназиясы;
Ағылшын лигасы: І орын №107 м/л, «Astana» мектебі – «Life», ІІ орын З. Космодемьянская атындағы №23 м/л- «Axiom», ІІІ орын – А. Құнанбаев мектебі, А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беру мектебі «I Ilusion», ІІІ орын Зияткер-Тұран мектебі «Ziyat» фракциялары, «Ең үздік спикер” А. Құнанбаев мектебі иеленді.
Тартысты алаңда тапқырлығымен ерекшеленген басқа да фракциялар алғыс хаттармен марапатталды.