УЕФА қазақстандық клубты екі маусымға еурокубоктардан шеттетті

0
601

Қазақстандық клуб қаржылық Fair Play ережесін бұзғаны үшін жазаланды.


УЕФА қазақстандық клубты екі маусымға еурокубоктардан шеттетті

ERNUR.KZ. Шымкенттік "Ордабасы" 2020/21 және 2021/22 жылғы маусымдарда еурокубоктардан шеттетілді, деп жазады Тengrinews.kz.

Қазақстандық клуб қаржылық Fair Play ережесін бұзғаны үшін жазаланды, сондай-ақ оларға 100 мың еуро айыппұл салынды. Егер "Ордабасы" 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін кредиттік қарыздар ретінде көрсетілген соманы төлегенін дәлелдей алса, жазадан құтылады.

Осылайша, "Ордабасы" келер жылы Еуропа лигасында ойнамайды. Шымкенттік клуб ҚПЛ-дың қола жүлдесін еншілеген еді.

Еске салсақ, 2018 жылы да "Ордабасы" салық бойынша қарыздары үшін Еуропа лигасынан шеттетілген - сол кезде шымкенттіктердің орнына еурокубокқа "Тобыл" қатысқан болатын.

Айта кетсек, "Ордабасыдан" бөлек, словениялық "Олимпияға" 75 мың, сербиялық "Црвена Звездаға" 50 мың еуро көлемінде айыппұл салынды. УЕФА қаржылық Fair Play ережесін 2011/12 жылғы маусымда енгізген. Оның мақсаты - қаражатты дұрыс жұмсау және шығындарды көбейтпеу.