ОҚО-да биыл 3 мыңнан астам мал бордақылау алаңы ашылады

0
1 774

​2018 жылы облыстың ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігін арттыру мен экспортты ұлғайту бағытында дамитын болады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


ОҚО-да биыл 3 мыңнан астам мал бордақылау алаңы ашылады

2018 жылы облыстың ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігін арттыру мен экспортты ұлғайту бағытында дамитын болады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Яғни, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 15 мың га ұлғайтылып, жалпы егіс көлемі 833 мың га жеткізіледі. Ал интенсивті баулар 800 га, жүзім 736 га, таңқурай 300 га, жаңғақ шаруашылығы қосымша 1000 га жерге отырғызылмақ. Бұдан бөлек, жылыжайлар 200 га, тамшылатып суғару әдісі 7 200 гектарға енгізілетін болады. Бұл жөнінде «Түркістан» сарайында өткен облыс әкімінің есепті кездесуінде мәлім болды.

Биыл шаруа қожалықтарды кооперативке біріктіру жұмыстары жалғасатынын айтқан аймақ басшысы, құрылатын кооперативтерде 2 700 тонна ет, 34 200 тонна сүт, 6 мың тонна жеміс, 5 мың тонна көкөніс дайындау жоспарланып жатқанын жеткізді.

«Сонымен қатар, облыста жаңадан 3 173 шағын мал бордақылау алаңы, 731 жанұялық сүт фермасы, 15 шағын құс фермасы, 7 балық шаруашылығы ашылады деп күтілуде. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 595,3 млрд. теңгеге, өсім 3,9 пайызға жететін болады», - деді Ж.Түймебаев.

Бұдан басқа әкім облыста «Сүт кластерін» және кооперативтерді дамытуға ықпал ететін модульді бекеттер жасалып, оларды кәсіпкерлерге қосымша кепілсіз және алдын-ала төлемсіз лизингке беретін бағдарлама жасалынғанын атап өтті. Сонымен бірге ауыл-аймақтардағы тұрғындарды жаппай кәсіпкерлікке тартып, отбасылық бизнесті дамыту үшін сүт өнімдерін шығаратын, жеміс-жидектерді кептіретін, мал союға арналған модульді бекеттер орналастыру жоспарлануда.